«Мейірімділік және бақыт мерекесі»

   / «Ақ ниет» қайырымдылық акциясы, мейірімділік мерекесі/

              «Қайырымдылық және мейірімділік – адамның басты қасиеттері»

 15 наурыз күні мәдениет Үйінің кіші залында «Ақ ниет» қайырымдылық акциясы өтті.

Шараны «Железин ОКЖ» ММ директоры М.Н.Адамова ашып, жүргізді.

 Ары қарай қор төрағасы, ауданның құрметті азаматы А.И.Прокопцов сөз сөйледі. Ол қордың 2016 жылда жасаған жұмысын қорытындылады, кімге және қашан көмек көрсетілгенін айтап өтті, барлығымызды акцияға белсенді қатысуға шақырды.

 Аудан әкімі аппаратының жетекшісі Т.В.Васильева, аудандық мәслихатының хатшысы П.Э.Лампартер, аудандық ардагерлер Ұйымының хатшысы Л.К.Ряднова  «Ақ ниет» қорына алғыстарын білдірді. 

 Бұл күні қордан көмек көрген адамдар сөз сөйледі, ал АМҮ әртістері шараны әндерімен толықтырды.

  Оқу залының аға кітапханашысы                              С.Тлегенова

ФОТО