Отбасы және отбасы құндылығы

Ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында "АЙБАТ" жастар бастамаларын дамыту орталығы XIV аудандық Жастар Форумын өткізді. Форум жұмысына Железин ауданының жастары қатысты. Форум бағдарламасымен «SMM (Social Media Marketing)», «Әлеуметтік желілердегі Маркетинг», «Қоғамның өміріндегі діннің рөлі","Отбасылық құндылықтар", "Табысқа жол" атты тақырыптық бағыттар бойынша жұмыс жасалды.
Железин орталық аудандық кітапханасы Форумға белесене қатысып,  "Отбасы және отбасылық құндылықтар" секциясында жастармен жұмыс жүргізді. Секцияның модераторы Железин ОКЖ директоры Адамова М. Н. отбасы құндылықтары және қазіргі әлемде жас отбасыларда кездесетін проблемалар туралы баяндады. Қатысушыларға ұсынған отбасы туралы әлеуметтік бейнероликтерден кейін,  отбасылық қатынастар мен құндылықтар тақырыбында пікірталас өтті. Бүгінгі күні отбасы құндылықтары  жойылып, неке мен отбасының бұзылуына себеп болатын басты проблемалар анықталды. Қатысушылар Железин ауданының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрағасы Ш.К.Нургалиеваның  сөзінен қоғамда отбасының пайда болу тарихы жайында білді. Железин ОКЖ әдіскері Фахирслямова Р. Н. үш баланың анасы отбасының негізгі құндылықтарын атап өтіп, отбасы өмірінің аз ғана тәжірибесімен бөлісті. Ол өзінің жолдасымен бірге студенттік кездерінен бастап ортақ мақсат қойып, сенім мен сүйіспеншілікпен, қолдаумен және түсіністікпен өз армандарын жүзеге асырып, мықты отбасын құрғандарын айтып өтті. Секция жұмысының соңында қатысушылар отбасы сенім мен махаббатқа, өзара сыйластық пен түсіністікке құрылады деген қорытындыға келді.
Форум Железин ауданы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен сұхбат алаңымен аяқталды, ауданымыздың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін белсенділер марапатталды.

Железин ОКЖ әдіскері   Р.Н.Фахирслямова

FOTO