Отбасы – рухани тәрбиелеудің негізі

Қазанның соңғы күні Аққайың ауылының тұрғындары үшін ерекше болып, мектепте «Отбасы – рухани тәрбиелеудің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл шараны Железин ауданы әкімінің орынбасары С.А.Гладышеваның рұқсатымен,  «Туған елім - алтын бесігім» кітапханалық клуб мүшелері өткізуге  белсенділік танытты.
Дөңгелек үстел жұмысын «Нұр Ана Әлемі» атты қоғамдық бірлестіктің меңгерушісі, «Железин ОКЖ» ММ-нің    директоры  М.Н. Адамова ашты.    Ол өз  сөзін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды пунктарынан бастап, шараның   өтуіне бағыт берді. Бұл әңгімені «Туған елім - алтын бесігім» клуб мүшелері әрі қарай жалғастырды. Әңгімелеушілер өз сөзінде көбінесе халықтың ырым-жырымына көп көңіл бөлді. Бүгінгі күні әр ата-ана өз баласына ырым туралы айтуы бірталай. Отырған адамның үстінен аттап кетуге, қыз балалардың күлгенде бастарын шалқайтып күлуге, киімді үстіңде тігуге, үйге жүгіріп кіруге болмайтынын сіздер білдіңіздер ме?
Әр халықта өзінің ырым-жырымдары болады, бала оларды отбасынан жастайынан тану керек.  Осы ырымдарды ұстанбау – тәрбие көрмегендіктің, адамгершілікке жатпайтын қылықтың нысанын білдіреді.   
Татар-башқұрт орталығының меңгерушісі, ауданымызға танымыл ұстаз Ғ.К. Абдразакова патриоттық тәрбиені сөз етіп, адамның ең алғашқы түсінігі отбасында қалыптасуының маңыздылығын айтты.  
Шараның соңында  «Железин ОКЖ» ММ-нің кітапханашылары Ғ.А. Ашкенова мен С.И.Махметова аудиторияны қойылған көрмедегі кітаптармен таныстытып өтіп, кітап оқуға шақырды.  
Әрі қарай бағдарлама бойынша ауыл тұрғындары клуб мүшелерімен  қойылған концертті тамашалады.   
Сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін Железин ауданы әкімінің орынбасары С.А.Гладышева, жұмыспен қамту орталығының басшысы А.Р.Танирбергенова, білім бөлімінің әдіскері Н.Н.Булатбаев қабылдау жүргізді.   
Осы белсенді топ бұл жұмысты дамытып, ауданымыздың басқа ауылдарына да баруды жоспарлап отыр.

Умарова А.Е.  балалармен жұмыс жасау бойынша Железин ОКЖ әдіскері

FOTO