Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай балалар әдебиеті бөлімі «Соғыс естелігі – кітаптарда» атты театр сағатын ұйымдастырды. Шараның мақсаты – тарихи жадымызды сақтау, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу және әдеби мұраны насихаттау болды.

Іс-шара барысында көрермендерге қазақтың көрнекті жазушысы, соғыс қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Біздің отбасы» повесінен үзінділер сахналанды. Соғыс кезіндегі қиындықтар, отбасылық құндылықтар мен Отан алдындағы борышты баяндайтын бұл шығарма жас әртістердің терең сезіммен ойнауына мүмкіндік берді. Рөлдерді балалар кітапханасының «Бұлақ» клубының мүшелері орындады. Олардың шынайы актерлік шеберлігі мен көркем мәнерлеп оқу шеберлігі көрермендердің жүрегін тебірентті.

Шараға Береговой ауылынан арнайы келген оқушылар да қатысты. Олар мерейтой иесі, жазушы Қалмұқан Исабаевтың «Қарабала» повесінен үзіндіні сахналады