1937-1938 жылдардағы қанды оқиға жаңғырығы мәңгі ел жадында. Нақақтан-нақақ ұлтымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары «ұлтым» деймін деп — «ұлы қылмыс» жасап, «халқым» деймін деп — «халық жауы» деген жала жабылып атылып кетті. Талай бейбіт отбасыларының оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды. Түптеп келгенде, саяси қуғын-сүргін, аштық, өзге ұлттардың депортациясы барлығы тоталитарлық жүйенің орыстандыру-шоқындыру, бүтіндей бір ұлтты жою саясатының нәтижесі.

Құрметті оқырмандар!

Аудандық орталық кітапханада Төлек Тілеуханның «Отыз жетінші жылдың балалары» — атты кітабына сырттай оқырман конференциясы жариялануда. Барлықтарыңызды осы шараға қатысуларыңызды сұраймыз.

Бұл кітап туралы өз пікірлеріңізді, ойларыңызды бізге орталық аудандық кітапханаға жіберіңіздер. Ағымдағы жылдың 30 — мамырында біз сырттай оқырман конференциясының қортындысын шығарамыз.

Аудандық орталық кітапханасының