«Елімнің елеулі беттері» 

Елбасы жыл сайынғы Жолдауында ел ертеңі жастарға ерекше сенім артады. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы үшін жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру мақсатында биылғы жыл Жастар жылы деп жарияланды.
 Атаулы жыл шеңберінде Железин аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 19 ақпан күні аудандық үш мектептің арасында «Елімнің елеулі беттері» атты тақырыпта брейн-ринг ойыны өтті. Тарихсыз болашақ жоқ дегендей, өз  егеменді еліміздің тарихын, мәдениетін зерделеу арқылы жастарымыздың бойында отансүйгіштік сезімін күшейтіп,  зияткерлік қабілеттерін дамыту көзделді.
Аталмыш ойынымыз 8 кезеңнен құралып, еліміздің тарихын, әдебиетін, мәдениетін қамтыды.  № 1 мектептің «Достық» тобы өздерін жер-су атаулары бойынша жақсы білімдерін көрсетсе, № 3 мектептің «Қырандар» тобының  тарих пен әдебиет саласында өрісі кең болып шықты. «Елтебер» тобы да /№ 2 мектеп/  қазақтың салт-дәстүрлері бойынша хабарлары бар екенін  көрсетті.
Қатысушылар өз тобы үшін ұпай жинап, тырмысып жатқандары көңілімізден шықты, себебі, біздің ең алғашқы мақсатымыз –  көзінің оты жанып тұрған  белсенді жастарды әрі қарай жетелеп, қызығушылығын арттыру.
№ 3 орта мектебінің командасы өздерінің алғырлықтарымен алға озып шығып, бас жүлдені әкетті. Сонымен қатар,  барлық үш мектеп топтары белсенді қатысқандары үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
 
Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Серуен Зоя.

FOTO