Железин ауданында орталықтандырылған кітапханалық жүйенің қалыптасу тарихы

1974 жылы ЦК КПСС «Комунистік тәрбие беруде және ғылыми-техникалық ілгерілеу рөлін жоғарлату туралы» қаулысында елімізде мемлекеттік бұқаралық кітапханалардың орталықтандыруы басталды.

Железин ауданында орталықтандыру 1979 жылы басталды. Ауданның барлық кітапханалардың орталықтандыруға дайындық дәуірінде, назар кітап қорлары мен каталогтарды ұйымдастыруға бағытталған. Бұл кезде ескірген әдебиетті тізімнен шығару бойынша, жарыспа әдебиетті ауылдық кітапхана қорларынан аудандық қорларға тапсыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

Бірегей кітапханалық жүйеге 55 кітапхана енді: 52 ауылдық филиал, 2 балалар кітапханасы және орталық аудандық кітапхана. Сонымен қатар, 2 партиялық кітапхана және 46 мектеп кітапханасы аудан халқына қызмет көрсетті. 56 елді мекенге кітапханалық қызмет көрсетілді. Стационарлық кітапханалық қызмет көрсетуден көрі, стационардан тыс қызмет көрсетілді.

Железин ОКЖ кітап қоры 447892 кітап данасын құрайтын, жылына 35 мыңға жуық әдебиет данасы келіп түсетін.

1980 жылы әдебиет сатып алуға бағытталған жалпы сома 42 мың рубльді құрайтын. Орталықтандырылған сатып алуға облыстық бибколлектордан 24600 рубль және жергілікті бюджеттен — 16800 рубль бөлінді. Бірегей кітап қорын қалыптастырудың негізгі қаржыландыру көзі — кітап дүкені, «Союз печать», «Пошта арқылы келетін кітаптар» дүкені.

Дәл осы кезде кітапханалардың кітап қорларын жаңа кітапхана-библиографиялық классификация кестесіне аудару бойынша жұмыс жүргізілді.

Аудан кітапханалары социалистік жарыстарға белсене қатысты. 1980 жылы социалистік жарыс қорытындысы бойынша ОКЖ-нің 7 кітапханасына «Кітапхана — үздік жұмыс» атағы берілді. Кітапханалардың материалды жұмыс жағдайын жақсарту бойынша жұмыс белсенді жүргізілді: кітапханалық сөрелер, каталогтық жәшіктер, кітап шкафтары мен кітап көрмелері сатып алынды.

Сол жылдары кітапханалық қызметкерлердің негізгі бөлігі орта-арнаулы білімді болатын. Көбі Шымкет, Улан-Уде қалаларының мәдениет институттарында білім алатын.

Мемлекеттік бұқаралық кітапханалардың орталықтандыруы Железин ауданында кітапханалық істі дамыту үшін қозғау салды.

Орталықтандырылған кітапханалық жүйе бүгінгі таңда

«Железин ОКЖ» құрамына 18 кітапхана кіріп отыр:

  • Орталық аудандық кітапхана

  • Захаровка ауылдық кітапхана-филиалы № 4

  • Аққайың ауылдық кітапханасы № 5

  • Алакөл ауылдық кітапханасы № 8

  • Башмашын ауылдық кітапханасы № 11

  • Кузьмино ауылдық кітапханасы № 14

  • Уәлихан ауылдық кітапханасы № 15

  • Весёлая роща ауылдық кітапханасы № 16

  • Жаңа жұлдыз ауылдық кітапханасы № 21

  • Михайловка ауылдық кітапханасы № 26

  • Церковны ауылдық кітапханасы № 31

  • Озёрны ауылдық кітапханасы № 35

  • Лесной ауылдық кітапханасы № 37

  • Приертіс ауылдық кітапханасы № 42

  • Березовка ауылдық кітапхана 46

  • Еңбекші ауылдық кітапханасы № 52

  • Орталық балалар кітапханасы

  • Михайловка балалар кітапханасы

«Железин ОКЖ» ММ әкімшілігі

2005 жылы Железин орталықтандырылған кітапханалық жүйе (ОКЖ) заңды тұлға мәртебесіне ие болды. Осы кезден бастап бұл ұйым «Железин ОКЖ Мемлекеттік мекемесі (ММ)» деп атала бастады. Бұл мекемені, 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген, Марғуаш Нұрқайдарқызы Адамова басқарып отыр. Оның мәдениет саласындағы жұмыс тәжірибесі 30 жылдан астам.

«Железин ОКЖ» ММ қаржы ісін, есеп бойынша маман Владимир Геннадьевич Ефимов атқарып отыр. Бұл лауазымда 2006 жылдың ақпан айынан, жоғары экономикалық білімді тұлға. Негізгі лауазымдық міндет — ұйым бюджетін атқаруды қамтамасыз ету.

Қымбат Көкешқызы Шайкова көп жылдар бойы кітапхана саласында қызмет етіп отыр. Өзінің еңбек жолын аудандық орталық кітапханасында хатшы-машинист ретінде бастаған. Бүгінгі таңда бұл кісі іс жүргізу саласында баға жетпес қызметкер. Негізгі лауазымдық міндеттер: — есептік құжаттарды жүргізу; — қызметкерлердің жеке құжаттарын тіркеп, есебін жүргізу; — бұйрықтар кітабын жүргізу; — «Железин ОКЖ» ММ мұрағаттық құжаттар қорын жүргізу.

«Железин ОКЖ» ММ жұмысында басым бағыттар

  • ақпарат жинау қорын жетілдіру және мәлімет базаларын қалыптастыру;

  • пайдаланушылар үшін жаңа ақпараттық-кеңестік қызметтерді өңдеу және жаңа оқырмандарды кітапханаға тарту;

  • пайдаланушыларға, кітапхананың кітапханалық-ақпараттық ресурстарын пайдалану арқылы, ақпаратқа, білімге, мәдени құндылықтарға қолжетімдікті қамтамасыз ету;

  • кітапхана ұсынатын қызметтерді жаңа ақпараттық технологиялар негізінде, кітапхана-ақпараттық процесстерді компьютерлендіру, жайлы кітапханалық жағдай жасау негізінде жетілдіру;

  • өлкетаным білімді тарату және оқырмандарды Отанының тарихын білуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерді қалыптастыру;

  • қоршаған әлемге ұқыпты қарауды тәрбиелеу, табиғат жөнінде адамгершілік таныту, табиғи әдебиетті оқу үшін жағдай жасау;

  • пайдаланушыларды классикалық және шетел әдебиетті оқуға баулу.

ОКЖ-де қызығушылық бойынша клубтар жұмыс жасайды:

  • «Ассорти» — әлдер клубы — Жаңа жұлдыз а/к;

  • «Непоседы» — балалар клубы — Башмашын а/к;

  • «Кездесу» — балалар клубы — Уәлихан а/к;

  • «Құқық студиясы» — орталық балалар кітапханасы;

  • «Бұлақ» — әдеби клуб — орталық балалар кітапханасы;

  • «Родничок» — балалар клубы — Михайловка балалар кітапханасы;

  • «Гармония» — қарым-қатынас клубы — Церковны модельдік а/к;

  • «Вдохновение» — қарым-қатынас клубы — орталық аудандық кітапхана.

«Железин ОКЖ» ММ кітапханалары келесі ұзақ мерзімді бағдарламалар бойынша:

  • «Шексіз мейірімділік»

  • «Достық. Ауызбіршілік. Тәуелсіздік»

  • «Заң әлеміне қадам»

  • «Қоғам. Денсаулық. Болашақ»

  • «Вечный зов Малой Родины» (Өлкетаным білімді тарату)

  • «Таңдау мезгілі келді» (кәсіптік бағдар бойынша)

  • «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру

Ақпараттық технологиялар заманауи кітапханалық қызметтің құрамдас бөлігі болып отыр. «Железин ОКЖ» ММ компьютерлік паркі:

  • 28 компьютер

  • 18 көшірме-көбейткіш техника

  • локалды есептеу желісі

  • бейнепроектор

  • көрсету монитор

Орталық аудандық және орталық балалар кітапханаларда Ғаламтор желісіне қолжетімдік бар. Осы кітапханалардың оқу залдарында Wi-Fi зонасы бар.

ОКЖ-нің бірегей кітап қоры 255663 әдебиет данасын құрайды, оның ішінде мем. тілде — 68645 дана.

«Железин ОКЖ» ММ кітап қорының ішіне барлық салалар бойынша әдебиет кіріп отыр. Өнер бойынша әдебиет бөлімін орталық аудандық кітапхананың мақтанышы деп атауға болады.

Кітапханалардың анықтама-библиографиялық аппаратында түрлі тақырыпты энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар бар. Жыл сайын ОКЖ кітапханаларына мерзімді басылымдарға жазылу жүргізіледі.

2013 жылдан орталық аудандық кітапханада сирек кітаптар бөлімі жұмсыс жасайды, бұнда кеңестік, шетел және ТМД елдерінің әдебиеті жинақталған.

ОКЖ-нің электронды каталогы

2008 жылы орталық аудандық кітапхана компьютерлік РАБИС (Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе) бағдарламасына ие болды (Осы кезден бастап электронды каталогтың есебі басталды.

Бүгінгі таңда электрондық каталог басылымның 34988 библиографиялық сипаттамасын құрайды. Библиографиялық сипаттамалар бір неше базалар бойынша орналастырған:

  • «Кітаптар»

  • «Мақалалар»

  • «Сирек кітаптар»

  • «Балаларға арналған басылымдар»

  • «Әдістемелік жинақ»

  • «Краевед» толық мәтінді мәлімет базасы

«Краевед» МБ жергілікті «Туған өлке» және «Родные просторы» газеттерінен бір мыңнан астам мақала көшірмелерін құрайды.

РАБИС бағдарламасының «Іздеу-Тапсырыс» модулі арқылы электронды каталогтың ақпараттық ресурстары оқырмандар үшін қолжетімді.

Сақтау қорын құру мақсатында орталық аудандық кітапханада өлкетаным әдебиетті және сирек кітаптарды цифрлік түрге аудару жүргізіледі.

Железин аудандық орталық кітапханасы

Аудандық орталық кітапханасының тарихынан

Железин аудандық орталық кітапханасының есігі 1937 жылы ашылды. Ауданымыздың кітапхана ісінің алғашқы серіктестердің есімдері тарихта қалған жоқ. Алғашқы кітапхана ғимаратының да орны белгісіз. Бірнеше байырғы тұрғындардың кітапхана туралы естеліктері ғана бар. Анастасия Васильевна Носикова (Лиханова) 1939 жылы ауылдың бұрынғы ғибадатханасында клуб болғанын айтады, «...онда кино көрсеткен, би өтетін, олимпиадалар жүргізілетін» — дейді ол кісі. Шамамен, осы ғимаратта кітапхана да болған.

Өлкетанушы Д.Е.Пашковскаяның (Проскурякова) естеліктері 40-шы жылдарына жатады. Ауылымыздың ауылдық клубын Николай Андреевич Ковалев басқарғаны оның есінде. Клуб Киров көшесінде тұрған, кітаптарды да содан алатын екен. Оның естеліктері Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатының деректерімен дәлелденді. № 889 қорының құжаттарында «1912 жылы туған, Ковалев Н.А., ұлты орыс, білімі 7 класс, 1946 жылдан бастап ауылдық клубты басқарып отыр» деген жазу бар.

Анна Кузьминична және Александр Степанович Маковенконың естеліктері нақтырақ: «1945 жылы кітапхана Ленин көшесінде ескі аудандық мәдениет Үйінің қасындағы ағаш ғимаратта болатын. Онда Гагарина кітапханашысы жұмыс істейтін». Бұл орын орталық кітапхананың заманауи ғимаратына қарама-қарсы. Бүгінгі күні АМҮ ескі ғимараты да жоқ, ағаш ғимарат та жоқ. АМҮ ескі ғимараты 90-шы жылдардың басында бұзылған, ал ағаш ғимарат 2003 жылы жанып кетті.

Кітапхананың бір неше орны ауылымыздың басқа байырғылары — Михаил Васильевич Саваровский, Мария Лукьяновна Лущаева (Лиханова), Николай Андреевич Беликовтың есінде. Олар —"... Ы.Махметов тұрған Ленин көшесі (Ленина 38/1)", "... Калинин көшесі, 62«(қазіргі Желтоқсан көшесі) және басқалар.

Көптеген жылдар өтті. Соғыстан кейінгі заман ақырын жөнге келді. Кітапхананың бір ғимараттан басқа ғимаратқа көшуі тоқтатылды. 1954 жылдан 60-шы жылдарға дейін екі аудандық кітапхана: балалар және аудандық кітапханалары — аудандық Мәдениет Үйінде орналасқан. Содан соң аудандық кітапхана көпес П.Власовтың дүкен ғимаратына, ал орталық балалар кітапханасы бұрынғы балабақша ғимаратына көшті (қазір бұл кітапхананың заманауи ғимаратының артындағы тұрғын үй).

Осы ғимараттарда аудандық кітапханалар 80-ші жылдарға дейін орналасқан. 1980 жылы аудандық орталық кітапхана Железин райисполкомның әкімшілік ғимаратына көшті. 1986 жылы осында аудандық балалар кітапханасы да көшіп келді. Бүгінгі күні де АОК да, ОБК да осы ғимаратта орналасып отыр. 2005 жылы бұл ғимаратқа 70 жыл толады.

2012 жылы кітапхана күрделі жөндеуден өтті.

Кітапханалық қызметкерлер туралы. Железиндық мәдениет бөлімі бойынша жеке құрам бойынша бұйрықтар кітабынан алынған алғашқы мәліметтер (1953 жылға дейін — кинофикация бөлімі), 1949 жылдың жазына жатады. Осы кезде аудандық кітапхананы Вяль Лина Ильинична басқарды. Осы лауазымда 1965 жылдың мамыр айына дейін қызмет етті, содан соң оны партия райкомының парткабинетінің кітапханасына ауыстырады. Осы кезден аудандық кітапхананы Лебедева Эмилия Михайловна басқара бастады. Ары қарай кітапхананы Л.В.Крафт, Э.Н.Ведель (Омарова), Е.А.Фляум, А.И.Макишева, А.Н.Чикишева (Беликова) басқарған болатын.

2005 жылдан, құрамына аудандық кітапхана кіретін, «Железин ОКЖ» ММ М.Н.Адамова басқарып отыр.

Аудандық кітапхананың жұмыс жасап отырған жылдар бойы көптеген қатардағы қызметкерлер ауысты: П.В.Сертукова, С.Жагопарова, Л.Д.Долгополова, Р.Сапакова, З.Ф.Белоусова, А.А.Гримко, Ж.Тогтаганова, С.Н.Жидкова, О.А.Кирилова, П.Н.Муравченко, Л.К.Уманец, Тутучкина Г.В., Р.Б.Ракишева, Г.А.Козлова (Лапшина) және басқалар.

1968 жылдың 2 тамызынан 1994 қаңтар аыйна дейін аудандық кітапханада Е.С.Сұлтанова, ҚазЖенПИ (кітапхана факультеті) еңбектенді.

1973 жылдың 1 тамызынан 1987 жылдың тамызына дейін әдіскер болып Г.Ф.Саваровская (Тараненко) еңбектенді. 1973 жылдан Германияға кетерге дейін Е.А.Вольтман (Фляум) жұмыс істеді.

Жылдар өтіп келе жатты. Реформалар кітапханаларға да келіп жетті. 1979 жылы бұқаралық кітапханалардың орталықтандыруы басталды. Осы кезде кітапхананың кітап қоры 30 мыңнан астам кітап данасын құрайды. Орталықтандыруға ауысқаннан кейін, кітаптарды жинақтау және өңдеу бөлімінің ашылуымен, кітапханалардың қорды жинақтауға мүмкіндігі туды, қызметкерлер штатына жаңа мамандар алынды: балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскер, библиограф, редактор.

Соңғы жылдары ірі, тату ұжым қалыптасуда.

1977 жылы орта мектепті бітіріп, кітапханаға М.Н.Адамова жұмсысқа тұрады. Осы жылы Ермак мәдени-ағарту училищесін тәмәмдап А.К.Шалтеева (Амренова) жұмысқа кірісті.

Л.С.Слугина да 1978 жылы педагог мамандығын кітапханашы мамандығына ауыстыруға шешім қабылдады.

1979 жылдың қазан айында Ермак МАУ кітапхана бөлімінің түлегі А.Н.Беликова (Чикишева) стационардан тыс қызмет көрсету бөлімінде қызметін бастаған.

Жеке мәселелердің арқасында М.Н.Апаева Железинкаға тұрақты тұрмысқа көшіп келді. 1992 жылы Шымкент мәдениет институтын сырттай тәмәмдап, бүгін де АОК әдістемелік бөлімінде еңбектеніп отыр.

1988 жылдан бүгінгі күнге дейін АОК қызмет көрсету бөлімінде Махметова С.И. жұмыс істейді.

80-ші жылдары АОК-де Кульбекова З.К., Жаманбалинова Р.А., Байтешева А., Кумагалова А.С., Варламова Е.Ю., Дьякова Л., Махметова У.К., Абенова Л., Майорова Р.Е., Раимбекова Г., Арынова С.К. сияқты қызметкерлер еңбектенді.

1988 жылы Ермак МАУ тәмәмдағаннан кейін әдістемелік бөлімде өз жұмысын Грау (Кроо) Г.П. бастады.

1953 жылдан 1974 жылға дейін кітапхана тазалығын Лидия Павловна Гусева бақылайтын. 1974 жылдан 1980 жылға дейін тазалаушы болып Тараненко Елизавета Карловна істеген. Содан соң бұл лауазымда Н.Котова, Е.Козлова, Е.Д.Боргардт еңбектенді. Бүгінгі таңда тазалаушы болып Э.Б.Боргардт жұмыс істеп жүр. Он бес жылдан астам оператор-машинист лауазымында К.К.Шайкова еңбектеніп жүр.

1975 жылы аудандық кітапханасында өрт шыққан.

Аудандық кітапхана ұжымы үздік жұмыс үшін бір неше рет марапатталды.

1989 жылы аудандар арасында өткен әлеуметтік жарыстардың қорытындысы бойынша кітапхана облыстық мәдениет бойынша комитетінің дипломымен марапатталған. 1992 жылы аудандық орталық кітапхананың әдістемелік бөлімі облыстық орталық кітапханаларының ұйымдастырушы-әдістемелік бөлімдер байқауында 1-ші орынға ие болды.

Бүгінгі АОК.

Аудандық орталық кітапхана алты мыңға жуық тұрғынды құрайтын, аудан орталығына қызмет көрсетеді. Кітап қорының әмбебап және 40 әдебиет данасын құрайды. Кітап қорының жалпы санынан 45 % пайызын көркем әдебиет, әлем әдебиетінің классикасы, ТМД елдерінің әдебиеті, шеттік әдебиет құрайды.

Кітап беру, жылына 36 мың кітап данасын құрайды, кітапханаға бару саны 16 мың, оқырмандар саны тұрақты — 1600-1700 адам. Оқырмандар контингенті сан түрлі: ауданның 3 орта мектеп оқушылары, агротехникалық колледж оқушылары, сырттай оқитын студенттер, жұмыссыздар, зейнеткерлер.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі қызмет көрсетеді. Бұнда абонемент, оқу залы, кітап сақтау бөлмесі кіреді.

Оқу залында анықтамалықтар, қайта басылған және қымбат әдебиет.

Жыл сайын мерзімді басылымдарға жазылу жүргізіледі: «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Ана тiлi», «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы», «Мысль», «Қазақстан әйелдерi», «Простор», «Эскулап — Здоровье», «За рулём», «Искатель», «Сельская новь», «Родные просторы» және басқа да қазақстандық және рессей басылымдары. Барлығы орталық кітапхана мерзімді басылымнан 35-40 атау алып отыр.

«Казахстанская правда» газетінің тігіндісі 1992 жылдан бері, «Звезда Прииртышья» — 1991 жылдан, «Родные просторы» — 1982 жылдан, «Советы Казахстана» — 1993-1995 жылдан, «Сарыарқа самалы» — 1995 жылдан және т.б. кітапханада сақталады.

Кітапхана оқырмандарына мерзімді басылымнан материалдардың көшірмелерін жасайды.

Кітапханада бұқаралық жұмыс, мектеп оқушылары, мекмелер, ұйымдар, аудандық тарихи-өлкетаным мұражайдың қатысуымен өтеді.

1980 жылдан аудандық орталық кітапханада кітаптарды іріктеу және жинақтау бөлімі, әдістемелік бөлім жұмыс жасайды.

2008 жылдың мамыр айында, пайдаланушыларға қызмет көрсету бойынша жұмысты жаңартуға мүмкіндік беретін, РАБИС бағдарламасы — Республикалық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйе орнатылды.

Әдістемелік бөлім

Негізгі міндеттер:

  • ОКЖ кітапханаларының қызметін бақылайды;

  • АОК бөлімдерінің жүйе кітапханаларына әдістемелік және практикалық көмек көрсету бойынша қызметін ұйымдастырады;

  • ОКЖ кітапханаларының құрама, ағым және перспективалық жоспарларын өңдейді;

  • жұмысқа үздік кітапханалық тәжірибені еңгізеді, кітапханалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша шараларға қатысады;

  • пайдаланушылардың кітапхана-ақпараттық қызметте мұқтаждығын бақылайды;

  • ОКЖ кітап қорын іріктеуге қатысады.

Әдістемелік бөлім ОКЖ қызметкерлеріне семинарларды ұйымдастырып, өткізеді, жаңадан қабылданған кітапханашыларға практикумдар өткізіледі. Ауылдық кітапхана-филиалдарына әдістемелік және практикалық қызмет көрсету мақсатында шығулар ұйымдастырылады.

С.Торайғыров атындағы ОӘҒК жобасының аясында өткен Железин ОКЖ кітапханалырының Күнін кәсіби жетістік деп санауға болады. Тыңдаушыларға келесі тақырыпты материалдар ұсынылды:

  • «ОКЖ кітапханалары: заман талабына сай болу»;

  • «Железин ОКЖ сайты оқуды қолдау және дамыту құралы ретінде»;

  • «Ауылдық кітапхана: оқу, кітап айналасы, әлеуметтік серіктестік»;

  • «Бағдарлы-мақсатты қызмет: іздеу мен шешімдер»;

  • «Ақпараттық технологияларды пайдалану кітапханалық қызметте кәсіптік бағдар бойынша маңызды бағыт ретінде»;

  • «Балалар кітапханасы — шығармашылық алаң»;

  • «Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кітап пен қуға тарту арқылы әлеуметтік оңалуы».

Күн барысында келесі материалдар ұсынылды:

  • «ОКЖ кітапханалары: дәстүр және тәжірибе» кәсіптік көрме;

  • «Жүректен шыққан өнерім» атты мүмкіндіктері шектеулі адамдардың сәндік-қолданбалы өнер көрмесі;

  • «Железин тарихының келбеті» виртуалды экскурсия;

  • «Бір ел — бір кітап» — кәсіптік ойлар мен шешімдер" виртуалды методкейс (ОКЖ-де республикалық акция бойынша).

Бұл шараның бағдарламасы кітапханалық қызметтің инновациялық формалары арқылы құрылып, облыстық қызметкерлердің жоғары бағасын алды.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Библиокеруен» жобасының мақсаты — облыстың кітапханалық ісін дамыту, кітапхана саласында инновациялық тәжірибені таратып, ауысу үшін жағдай жасау, кітапханалар арасында қатынасты нығайту. Железинка ОКЖ осы жобаға да белсенді қатысты. Облыстық кітапханашылардың назарына жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша және өлкетаным білімді тарату бойынша бірнеше қызықты ойлар ұсынылды. Олар «Жеңіс кітаптары» фестивалі, «Жеңімпаздар жалауы» кітапханалық акциясы, «Тарих альбомы ашық» сериясының электронды закладкалары, кітапханашылар жинаған тарихи деректер. Кездесу қатысушыларын, облыстық кітапхана қызметкерлерін орталық аудандық кітапхана қызметкерлері күрделі жөндеуден өткен ғимаратта қарсы алды.

Жылдық жоспар бойынша әдістемелік өңдеулер шығарылады. «Передай добро по кругу» ұзақ мерзімді мақсатты бағдарлама бойынша, «Михайловка өңірінің шеберлері» өлкетаным білімді тарату бойынша ОКЖ кітапханаларының жұмыс тәжірибелері жалпыланды. Жыл сайын алдағы жылға атаулы күндер күнтізбесі шығарылады. 2014 жылдан бастап Железин ауданы бойынша «Тарихта қалған естелік күндер» атты атаулы күндер күнтізбесі шығарыла бастады.

Әдістемелік бөлімнің штаты:
Апаева Майраш Николаевна — әдіскер
Чикишева Анна Николаевна — әдіскер
Амренова Аимгуль Жумалиевна — балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскер

Әдебиетті жинақтау және өңдеу бөлімі

Әдебиетті жинақтау және өңдеу бөлімі келесі қызметтерді атқарады:

  • аудандық орталық кітапхананың және ОКЖ филиалдарының кітап қорларын басылым шығармаларымен және мерзімді басылымдармен толықтыру;

  • келіп түсетін басылым шығармаларын және басқа да құжаттарды қабылдау, есептеу және тіркеу, оларды ОКЖ бөлімшелеріне тарату; ОКЖ —нің барлық филиалдарына мерзімді басылымдарға жазылуды жүргізеді;

  • ОКЖ бойынша ескі, қайталанатын әдебиетті тізімнен шығару.

  • филиалдармен бірігіп кітап қорының құрамы мен пайдалануын бақылап, кітап қорын толықтыру бойынша жұмыс жүргізеді;

  • ОКЖ филиалдарына кітап қорлары мен каталогтарын ұйымдастыруда әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсететді.

ОКЖ кітап қорының негізгі жинақтау деректері:

  • мемлекеттік тапсырыс;

  • облыстық кітапхана;

  • жергілікті бюджет

  • сыйлау

Бөлім штаты:
Кроо Галина Пиусовна — аға кітапханашы
Садыкова Асем Сатыбалдыевна — кітапханашы

Қызмет көрсету бөлімі

Кітапханамыздың абонементі үлкен мәдени маңызы бар басылым шығармаларына толы. Бұл — мәдениеттің «алтын қоры», адамгершілік жинаған үлкен тәжірибе жинағы. Абонементте 30 мыңға жуық кітап данасы бар. «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында, абонемент қорына «Мәдени мұра», «Қазақстан тарихы батыс деректерінде ХІІ — ХХ ғ.ғ.» және басқа да сериялардан кітаптар келіп түседі. Абонемент қорында электронды шығрамалар да бар. Қызмет көрсету бөлімі кітап қорын үйде пайдалануға мүмкіндік береді. Оқырмандар жаңа түскен әдебиет туралы ақпаратты үнемі алады.

Қызмет көрсету бөлімінің негізгі міндеттері — мүмкіндіктері шектеулі адамдармен «Шексіз мейірімділік» бағдарламасын жүзеге асыру, жастармен жұмыс жасау, патриоттық тәрбие беру. Көрмелердің тақырыптық бағыты оқырмандарды қазақ халқының тарихымен таныстырып, туған тілге, тарихқа, өз халқының дәстүрлеріне деген қызығушылықты дамытады.

Оқу залының қорында 5 мыңнан астам кітап данасы бар. Қорда энциклопедиялар, анықтамалық, сөздіктер, сонымен қатар экономика, маркетинг, заң және құқық бойынша әдебиет бар.

Оқу залына 40 атауға дейін мерзімді басылым келіп түседі, оның ішінде — 10 нан аса мемлекеттік тілде.

Пайдаланушыларды хабарландыру үшін ақпараттық бюллетеньдер, әдебиет тізімдері шығарылады, тақырыптық сөрелер дайындалады, ақпарат Күндері өткізіледі.

Қызмет көрсету бөлімінің штаты:
Тлегенова Сауле Ибраевна — оқу залының аға кітапханашысы

Манабаева Асель Дюсеновна — абонемент кітапханашысы

Серуен Зоя — абонемент кітапханашысы

Кималиденова Акерке Иматаевна — оқу залының кітапханашысы