Бұл күнтізбе анықтама-библиографиялық оқу құралы болып табылады, оның мақсаты – Железин ауданының атақты адамдары, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірінің оқиғалары туралы айтып беру. Көрсеткіш кітапхана қызметкерлеріне, оқырмандарға арналған. 2014 жылдан бері басылады.

 7 қаңтар     -   Железин ауданының Құрметті азаматы, Еңбек Қызыл Ту ордендері мен «Құрмет белгісінің» кавалері Проскуряков Степан Николаевичтің  80 жылдығы (1937- 2014).

Железинка ауылында дүниеге келді. 1963-1996 ж.ж. Степан Николаевичтің еңбек қызметі Железин ауданымен және Железин селосымен байланысты. Ол ПМК-523, құрылыс мекемесін басқарды. ПМК-523 ұжымы 1970-1985 ж.ж. үлкен жетістіктерге жетті. Ұлы Отан соғысында Жеңістің 40-жылдығының қарсаңында ұйым СССР Минсельстройдың Қызыл туына ие болды. Уәлихан элеваторы жұмысын бастады, совхоздардың орталық мекендерінде мектептер, балабақшалар, клубтар, жылу жолдары құрылды. Өндіріс базалардың қажетті объектілері құрылысқа еңгізілді: слесарлық және токарлық шеберханалар, автокөлік пен құрылыс техникасына арналған гараждар салынды, бетон араластыратын тораптар, ағаш-тілгіш цехтер жұмыс жасай бастады. С.Н.Проскуряковтың 42 жылы құрылысқа бағытталды. 13 жыл зейнеткерлікте бола отырып, желілік кәсіпорынның, дене шынықтыру-сауықтыру комплексінің, «Үрлітөбе» кеден бекетінің құрылысына қатысты.  

Литература:

1.Батыров М. Почетный гражданин района:/к 75-летию С.Н.Проскурякова/. - «Родные просторы». - 2012. - 7 января. - С.2, фото
2.Край Железинский/Сост.: Болтина В.Д., Шевелёва Л.В. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 751 с.

15 ақпан     -   Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі(1967 г.), Қазақ ССР халықтық ағарту Озаты(1927), республикалық мәні бар дара зейнеткер   Карпец Ольги Петровнаның 90 жылдығы.

О.П.Карпец  Ровен облысының Здолбунов қаласында дүниеге келді. 1942 жылы ол жараланған анасымен бірге Үрлітөбе (Железин) ауданының «Красный партизан» колхозына көшірілді. Бір жылдан кейін, жеті сыныпты бітіріп, Павлодар педучилищесіне оқу түседі. 1944 жылы сырттай бөлімге ауысып «Красный партизан» колхозында бастауыш сыныптарда мұғалім болып жұмысын бастады. 1944 жылы колхозда жетіжылдық мектеп ашылды. Ольга Петровна орыс тілі мен әдебиет пәндерін бере бастады.

1945 жылы училищені бітіргенге дейін бір жыл бұрын,  О.П.Карпец Михайловка орта мектебіне ауысып, бұнда 1958 жылға дейін еңбек етті. 1948 жылы Семей мұғалімдер институна түсіп, оны 1955 жылы үздік тәмәмдады. 1956 жылы О.П.Карпец Омбы пединституның орыс тілі және әдебиет факультетіне түсіп, оны 1960 жылы тәмәмдайды.

1958 жылдың тамызынан Ольга Петровна Железин орта мектебінде жұмыс істей бастады. 1966 жылы «Қазақ ССР халықтық ағарту Озаты» белгісімен марапатталды, 1967 жылы ол «Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі» атағына ие болды. «Қажырлы еңбек үшін. Владимир Ильич Лениннің 10-жылдығына байланысты.», «Еңбек ардагері», құрмет грамоталарымен марапатталды. Марапаттарының арасында «Құрметті донор» сыйы да бар - Ольга Петровна өмірінде литр қан тапсырыпты. Железинкада өмір сүреді.

Литература:

1.Бахтияров Х. Юбилей заслуженного учителя:/к 80-летию О.П.Карпец/. - «Родные просторы». - 2007. - 17 февраля. - С.1, фото
2.Бахтиярова М. Жизнь посвятила детям:/к 85-летию О.П.Карпец/. - «Родные просторы». - 2012. - 18 февраля. - С.5, фото
3.Горяев Д. На юбилей учителя:/к 80-летию О.П.Карпец/. - «Родные просторы». - 2007. - 24 февраля. - С.3, фото
4. Край Железинский/Сост.: Болтина В.Д., Шевелёва Л.В. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 751 с.
5. Хасанов М. Юбилей учителя. - «Родные просторы». - 2002. - 23 февраля. - С.3, фото

11 шілде     -    Қазақ ССРхалықтық ағарту Озаты, «Құрмет белгісі» орденінің кавалері  Прокопцова Фёдора Моисеевичтің 95 жылдығы (1922)

Ф.М.Прокопцов Семей губерниясы Павлодар уезінің Максим-Горький ауданының Михайловка ауылында дүниеге келді. 1938 жылы мектепті бітіргеннен кейін, мектеп директорының ұсынысымен Фёдор Моисеевич пән мұғалімдерін дайындау бойынша курсқа түседі. Курсты тәмәмдағаннан кейін Безводное (Железин ауданы) ауылына жіберілді, бұнда 1938 жылы жеті жылдық мектеп ашылған болатын. 1940 жылы ол Михайловка орта мектебіне ауысып, 5-7 сыныптарда математика пәнін берді.

1948жылы Ф.М.Прокопцов Семей педагогикалық институтына түсіп, оны тәмәмдағаннан кейін Михайловка орта мектебінің завучы болып істеді. 1953 жылдан бастап оны Победин жеті жылдық мектеп директоры ретінде тағайындайды. 1955 жылы Михайловка райОНО-сының бастығы болып тағайындалды. 1958 жылдан – Михайловка орта мектебінің завучы және математика пәнінің мұғалімі. 1960 жылдың сәуірінен – Үрлітөбе «1963 жылдан бастап Железинка) райОНО-ның бастығы, осында 1983 жылы зейнеткерлікке кеткенге дейін еңбек етті.

Железин райОНО лауазымында екі жыл істегеннен кейін Ф.М.Прокопцов маңызды мәселелері – жаппай оқу мәселесін шешті. Ол мектеп жасындағы балалардың барлығын мектеп парталарына отырғызды. 47 елді мекеннің бәрінде мектеп ашылды: 8 орта, 30 сегіз жылдық және 9 бастауыш мектептер. Железин және Михайловка орта мектептерінде кешкі мектептер және 20 УКП жұмыс істеді.   

Сол жылдары мектептердің материалды жағдайы өте нашар болатын. Тіпті «астаналық» Железин ОМ бір неше ескі, тазалық шектемелеріне сәйкес келмейтін ғимараттарда орналасқан. Ф.М.Прокопцов жаңа типтік мектептерді салуға бар күшін салды. Оқушыларды шеткі аймақтардан тасу мәселесін шешті. Мектеп алдындағы дайындыққа көп көңіл бөлінді. Барлық орталық кенттерінде балабақшалар ашылды. 1982 жылы ауданда 45 мектеп болды, олардың арасында: 13 орта, 23 сегіз жылдық, 9 бастауыш мектеп.

Федор Моисеевич Прокопцов мектеп  династиясының негізін қалаушы. Оның жұбайы Любовь Гавриловна, қыздары Нина Фёдоровна және Светлана Фёдоровна өз өмірлерін балаларына арнады. Отбасыларының жалпы педагогикалық тәжірибесі 120 жылдан аса. Железинка ауылында тұрады.

         Литература:

         1.Калюжная И.А. Отличник народного просвещения:/к 90-лети. Ф.М.Прокопцова/. - «Родные просторы».- 2012. - 6 июля. - С.2, фото

            2.С юбилеем, Учитель! - «Родные просторы».- 2002. - 6 июля. - С.1, фото

            3.Бахтияров Х. С юбилеем Вас, Фёдор Моисеевич! -  «Родные просторы».- 2002. - 6 июля. - С.2, фото

 

31 шілде      -   Железин орталық аудандық ауруханасының педиатр-дәрігер, рентгенолог   Шнайдер Владимира Богдановичтің 70 жылдығы (1947).

         «Алла берген дәрігер» - деп көптеген железиндіктер мен аудан тұрғындары В.Б.Шнайдер туралы айтатын.  Владимир Богданович 1947 жылдың 31 шілдесінде, Сталиногорск қаласында бекіткіш-жұмысшының отбасында дүниеге келді. 50-ші жылдары оның жанұясы Павлодар облысына көшіп келеді. Мектеп бітіргеннен кейін В.Б.Шнайдер Семей медицина институтына оқуға түседі. Оқу мекемесін тәмәмдап, әскерге барып келгеннен кейін, 1973 жылы Железинка ауылына келіп бала дәрігері болып қызметке кірісті. 1976 жылы бас дәрігердің орынбасары болып тағайындалады. Көп ұзамай Владимир Богданович фтизиотерапияны меңгеріп, 2002 жылдан бастап Железин туберкулезге қарсы ауруханасы оның тұрақты жұмыс орнына айналады.  В.Б.Шнайдер әріптестерінің арасында өте беделді адам. Зейнеткерлікте бола отырып, бүгін де аудандық ауруханада еңбектеніп отыр. 

          Литература:
1. Державцев Г.А. Доктор от Бога:(к 60-летию В.Б.Шнайдер). - «Родные просторы». - 2007. - 4 августа. - С.4, фото
2. Күндері белгісіз адамдар

- Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі (1969), Қазақ ССР хадлықтық ағарту Озаты «1957), Ұлы Отан соғысының қатысушысы 1941-1945 ж.ж. Сәттібаев Уәлидің 110 жылдығы (1907)

Сәттібаев Уәли 1904 жылы, Железин ауданының Еңбекші ауылынан үш километрде орналасқан, № 4 ауылда дүниеге келді. 1925 жылы басқа балалармен бьірге Семей қаласына қазақ коммуна мектебіне оқуға барады. Мектепті тәмәмдап Уәли Павлодар педагогикалық училищесіне оқуға түседі, оны тәмәмдап 1930 жылы Үрлітөбе (қазіргі Железинка) ауданы Алтай ауылының № 19 мектепке меңгеруші болып жіберіледі. 

1932 жылдан 1941 жылға дейін Сәттібаев Уәли — Еңбекші бастауыш мектебінің, кейін орта мектебінің  меңгерушісі, директоры. 1940 жылы Семей қаласының педагогикалық институтының сырттай бөліміне түсіп, оны соғыстан кейін бітіре алды.

1942 жылдан 1945 жылға дейін Уәли Сәттібаев — әрекеттегі Қызыл Әскерде 325-ші гвардия дивизиясының құрамында Курск иініндегі майданда соғысады. Көптеген медальдармен, Ұлы отан соғысының 2 дәрежелі орденымен марапатталған. Демобилизациядан кейін, зейнеткерлікке шығар алдында ол Железин ауданының мектептерінде меңгеруші, директор болып еңбек етеді.       

Литература:
1.Край Железинский/Сост.: Болтина В.Д., Шевелёва Л.В. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 751 с.

- 300 лет (1717) со дня образования села Железинка.

Литература:
Болтина В.Д. Из истории Железинской церкви/В.Д.Болтина//»Родные просторы», - 2003. - 1 мая. - С.1
Дегтярева Т.С.Страницы истории:(Железинке - 275 лет)//«Ленинское знамя». - 1992. - 28 января. - С.3
Железинка//Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия/Акимат Павлодарской области;ПГУ им.С.Торайгырова. - Алматы, 2003. - С.267-268
Железинка//Историческая топонимика Павлодарской области/ПГУ им.С.Торайгырова; Т.А.Инсебаев и др. Павлодар, 2004. - С.60-61
Камкова Л.О. Так начиналась Железинка:(к 280-летию райцентра) // «Родные просторы». - 1997. - №2. - С.3. - (Архивные документы рассказывают)
Соколкин Э.Д. История села: /к 280-летию с.Железинка/.//«Родные просторы». - 1997. - 25 июля. - С.1,2
Соколкин Э.Д. Первая церковь в Железинке была деревянная…. // «Родные просторы». - 1997. - №3. - С.2
Пашковская Д.Е. Железинка:история, быт, люди: (к 280-летию с.Железинка)// «Родные просторы». - 1997. - 25 июля. - С.3
Пашковская Д.Е. Железинка далекого прошлого:(Воспоминания)//«Родные просторы». - 2005. - 12 марта. - С.6; 5 марта. - С4
Поселок Железинка//Знаменательные и памятные даты Павлодарской области на 2007 год/Департамент культуры Павлодарской области; Областная объединенная универсальная научная библиотека им.С.Торайгырова. - Павлодар, 2006. - С.160-162
Село Железинка:(Вспомним историю)//»Ленинское знамя». - 1993. - 10 апреля. - С.1

 - Железин орталық аудандық кітапханасының ашылуынан 80 жыл (1937).

Железин аудандық орталық кітапханасының есігі 1937 жылы ашылды. Ауданымыздың кітапхана ісінің алғашқы серіктестердің есімдері тарихта қалған жоқ. Алғашқы кітапхана ғимаратының да орны белгісіз. Бірнеше байырғы тұрғындардың кітапхана туралы естеліктері ғана бар. Анастасия Васильевна Носикова (Лиханова) 1939 жылы ауылдың бұрынғы ғибадатханасында клуб болғанын айтады, «...онда кино көрсеткен, би өтетін, олимпиадалар жүргізілетін» - дейді ол кісі. Шамамен, осы ғимаратта кітапхана да болған.

Өлкетанушы Д.Е.Пашковскаяның (Проскурякова) естеліктері 40-шы жылдарына жатады. Ауылымыздың ауылдық клубын Николай Андреевич Ковалев басқарғаны оның есінде. Клуб Киров көшесінде тұрған, кітаптарды да содан алатын екен. Оның естеліктері Павлодар облысының мемлекеттік мұрағатының деректерімен дәлелденді. № 889 қорының құжаттарында «1912 жылы туған, Ковалев Н.А., ұлты орыс, білімі 7 класс, 1946 жылдан бастап ауылдық клубты басқарып отыр» деген жазу бар. 

Анна Кузьминична және Александр Степанович Маковенконың естеліктері нақтырақ: «1945 жылы кітапхана Ленин көшесінде ескі аудандық мәдениет Үйінің қасындағы ағаш ғимаратта болатын. Онда Гагарина кітапханашысы жұмыс істейтін». Бұл орын орталық кітапхананың заманауи ғимаратына қарама-қарсы. Бүгінгі күні АМҮ ескі ғимараты да жоқ, ағаш ғимарат та жоқ. АМҮ ескі ғимараты 90-шы жылдардың басында бұзылған, ал ағаш ғимарат 2003 жылы жанып кетті. Кітапхананың бір неше орны ауылымыздың басқа байырғылары — Михаил Васильевич Саваровский, Мария Лукьяновна Лущаева (Лиханова), Николай Андреевич Беликовтың есінде. Олар –«... Ы.Махметов тұрған Ленин көшесі  (Ленина 38/1)», «… Калинин көшесі, 62»(қазіргі Желтоқсан көшесі) және басқалар.

Көптеген жылдар өтті. Соғыстан кейінгі заман ақырын жөнге келді. Кітапхананың бір ғимараттан басқа ғимаратқа көшуі тоқтатылды. 1954 жылдан 60-шы жылдарға дейін екі аудандық кітапхана: балалар және аудандық кітапханалары – аудандық Мәдениет Үйінде орналасқан. Содан соң аудандық кітапхана көпес П.Власовтың дүкен ғимаратына, ал орталық балалар кітапханасы  бұрынғы балабақша ғимаратына көшті (қазір бұл кітапхананың заманауи ғимаратының артындағы тұрғын үй).

Осы ғимараттарда аудандық кітапханалар 80-ші жылдарға дейін орналасқан. 1980 жылы аудандық орталық кітапхана Железин райисполкомның әкімшілік ғимаратына көшті. 1986 жылы осында аудандық балалар кітапханасы да көшіп келді. Бүгінгі күні де АОК да, ОБК да осы ғимаратта орналасып отыр. 2005 жылы бұл ғимаратқа 70 жыл толады. 2012 жылы кітапхана күрделі жөндеуден өтті.

Құрастырушы:   Чикишева А.Н., ОКЖ әдіскері

Редактор:         Адамова М.Н., «Железин ОКЖ» ММ директоры