Ағымдағы жылдың 25 қарашасында Железин ОАК-да кітапхана қызметкерлері үшін "Клубтық құрылымдар, кітапханада пайдаланушылардың бос уақытын өткізу нысандарының бірі ретінде" тақырыбында семинар өтті. Семинарды дәстүр бойынша "Железин ауданы" ОКЖ директоры А. Т. Каримова бастады. Әдіскер Г.П.Кроо өз сөзінде келесі ауылдық кітапханаларда келесі бірлестіктерді ашуды ұсынды: Михайловка модельдік ауылдық кітапханасында тірі гүлдерді сүйетіндер клубын ашуға мүмкіндік бар, өйткені кітапханашы Қарлығаш Ахметбекқызы гүл өсірумен айналысқанды жақсы көреді және кітапхана іс жүзінде гүлдерге көміліп жатыр; Аққайың кітапханасында "Хозяюшка" клубы аясында жұмысты бастауға болады. Гүлнар Сәбитқызы құрт және коспа сияқты өнімдерді дайындай алады. Келісіңіз,  қазіргі әлемдегі кез-келген үй шаруасындағы әйел мұндай білімге ие бола бермейді, егер ауылда жастарға осы бағытта білімдерін жоғалтпауға үйрететін адам болса, жақсы болар еді;  Захаровка кітапханасына Меруерт Танибергеновнаға музыка танушылар клубының жұмысын бастау ұсынылды, нақыт айтқанджа,  гитарамен ән айтуды ұнататындар клубы.

Әдіскер Салтанат Ағбайқызы кітапхана клубтарын жүргізу бойынша өте қызықты ұсыныстар берді. Клубтардың құжаттамасы мен есептілігін жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Балалар жұмысының әдіскері А. Е. Умарова өз тақырыбы бойынша сөйлей отырып, жаңа тәсіл ретінде кішкентай оқырманмен сөйлесу, әңгіме арқылы оны кітап әлеміне, ертегілер әлеміне және поэзия әлеміне енгізу әдісін белгіледі.

Семинардың шарықтау шегі болып марапаттау сәті өтті: клубты жүргізудегі үздік жұмысы үшін ОКЖ директоры атынан Жаңа жұлдыз  а/к кітапханашысы Ж.Т.Скурлатова /"Золотой возраст" клубы/, Башмашын а/к кітапханашысы Э.В.Ротермель /"Лад" клубы/ және ОАК кітапханашысы С.И. Тілегенова /"Шабыт"клубы/ марапатталды/.

     Семинарда кітапхана өміріне енгізіліп жатқан «SMART кітапхана» атты жаңашылылдық тақырыбы өзекті болды. Бұл бағдарламада Павлодар облысының кітапханаларының қызметкерлері жұмыс жасай бастады.  Семинарға арнайы С.Торайғыров ат. Облыстық  ғылыми-әмбебап кітапханасынан әріптестер шақырылған  кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерішісі А.А.Жилкибекова, библиограф Т.С.Муратова және  ТОО «TEXNOSTYLE» модераторы  Д.Г.Маденов бұл бағдарламаның қыр-сырын  жай ғана тілмен түсіндіріп берді.  

Біздің облысымызда 227 кітапхана бар екен, оның  2-уі облыстық және 18 қалалық. «SMART-кітапхана» мобильді  бағдарламасы арқылы  Ертіс жағасының әр тұрғыны  алдын ала керек кітабын жақын кітапханада броньдап , үйге оқуға ала алады. Бүгінгі күні сайтта 40 000-тан астам кітап жүктелді. Павлодар облысы  - осындай өнімнің жүзеге асыруында жаңашыл деп айтуға болады. Ал оқырманға таңдайтын кітап бар.

Айнагүл Жылқыбекова, кітапханаларды дамыту бөліміні меңгерішісі:

  • Павлодар облысының кітапханаларының кітап қоры 3 млн. кітапқа жуық, 1,8 млн. – мемлекеттік тілде. Кітап қоры 2,3 % түсті. Себебі –ескі кітаптарды тізімнен шығару және басқа кітапханаларға аудару.

 

Жалпы,  біздің облысымыздың кітапханадары «Кітап оқитын ұлт» атты Ұлттық  жоба шеңберінде 4 бағытта жұмыс жасап жатыр.

Биыл А.Байтұрсыновтың шығармаларын оқып жатырмыз, келесі – әдеби өлкетану,  үшінші бағыты - «Нағыз оқитын кез» жобасы және соңғысы – Казэлектронкітапханасының қорын толықтыру.

«SМАРТ – КІТАПХАНА» жобасынын енгізумен қатар облыс бағдарламаларының ішінде  «Кешкі кітапхана»  жобасы да жүзеге асып келе жатыр.  Мұның бәрі кітапханашылардың еңбек шығындарын 90% - ға қысқартуға мүмкіндік береді. 2023 жылдың 1 қаңтарына қарай цифрландыру жобасына енген Ертіс өңірінің 227 кітапханасы цифрлық "Смарт-кітапханалар" болып қайта форматталады.