Адалдық алаңы Железин ауданының ОКЖ кітапханасында

       1 наурыз – еліміздегі Алғыс айту күні Железин ОАК-да «Парасат жолы" жобасы аясында барлық кітапханалар базасында ақпан айында "Адалдық алаңы" орталықтарының ашылды.

       «Парасат жолы» жобасы бастамашыларының ойы бойынша ғылыми шығармашылық интеллигенция өкілдерінің қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілуі жастардың ғылыми және шығармашылық қауымы өкілдерінің кездесулері үшін диалаог алаңына айналуы қажет. Бұл мемлекетке, қоғамға, халыққа өте маңызды мәселеге ортақтасу мақсатында алаңының ашылуына Железин ауданының белсенді жастары мен белсенді азаматтарын шақырдық.Олар –аудан әкімі орынбасары Мукушева А.А., аудан маслихатының депутаты, «Туған өлке» жергілікті газеттің редакторы Сергазин А.Қ., Железин № 3 ЖОББ мектебінің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Сеилханова С.Д., кітапханалық істің ардагері Слугина Л.С., «Мұсылман әйелдері лигасының» мүшесі Аңсабаева М., «Nur Otan» партиясының бірінші төрғасының орынбасары Сарсенов Т.С., ішкі саясат бөлімінің маманы Чужаев А.С. қатысты.   

      Этика Кеңесінің төрағасы ретінде аудан маслихатының депутаты, «Туған өлке» жергілікті газеттің редакторы Сергазин А.Қ. тағайындалып,  әр тоқсан сайын кездесулер өткізу жоспарланды. 

     Сыбайлас жемқорлық туралы бейнематериал қарағаннан соң, ОКЖ директоры Каримова А.Т. келген қонақтарды осы тақырыпты талқылауға шақырды. Қатысушылар өз пікірерін айтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жұмысы ретінде келесі кездесулерге сот билігі, құқық қорғау,  қаржы, экономика бөлімдерінің өкілдерін қатыстырып, кездесулерді өткізу керек деп шешті. 

      Шара соңында ішкі саясат маманы Чужаев А.С. сыбайлас жемқорлықтың мемлекетке келтіріп жақан зияны туралы сөз етіп, өз сөзін әр қазақстандық елге  адал қызмет етіп, болашақты ойлау қажет деген сөздермен қорытындылады. .