«Азалы тарихқа тағзым»

 

         Елімізде жыл сайын саяси құғын-сүргін құрбандарының Күні аталып өтеді. Бұл естелік оқиға, 1997 жылдың 5 сәуірінде шыққан Президент Бұйрығына саәйкес, жыл сайын 31 мамыр күні аталып өтеді. Тарихшылардың мәліметтері бойынша, социалистік Қазақстанның 118 азаматы сотталып, 25 мыңы – өлім жазасына кесілді, олардың көбі – қазақ элитасының өкілдері: ғылым, мәдениет, саясаттың белгілі — Сәкен Сейфуллин, Мыржақып Дұлатұлы, Мағжан Жұмабаев және басқалар.

  31 мамыр күні аудан орталығының ауылдық мәдениет Үйінде, саяси қуғын-сүргін құрбандары және 1930-шы жылдар ашаршылығының құрбандары Күніне арналған, «дөңгелек сүтел» отырысы өтті. Отырысты аудан әкімінің орынбасары Қ.Б.Кималиденов ашып, өткізді. 

         1932 жылы ашаршылық құрбандары мен 1937 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін 31 мамыр күні таңдалды. 1932-1933 жылдары Қазақстанда болған ашаршылық «кулаткатрды» жою сасясатымен басталды. Сол сұрапыл жылдар туралы «Алжир» фильмі көрсетілді. 

Дөңгелек үстелге жазаланған құрбандардың ұрпағы Л.А. Шмидт қатысты, орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің директоры М.Н. Адамова, № 3 мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Т.Е. Карибаев, «НұрОтан» партиясының аудандық филиалының бірінші орынбасары Т.С.Сарсенов.

         Сонымен қатар шараға мектеп оқушылары қатысты, олар ашаршылық жылдары, орыс дәрігерінің қызы, 19-жасар Татьяна Невадскаямен жазылған  «Жертвам этноцидам посвящается...» атты өлеңін оқып берді. 

         Сталиндік қуғын-сүргі жылдары, Қазақстанның жақсы-жақсы адамдары қаза тапты: қоғам қайраткерлері, белгілі тулағлар, ақындар мен қаламгерлер. Халық ең талантты, ең сауатты адамдардан, еліміздің патриоттарынан айырылды. 

Қонақтардың назарына «Ұмытуға болмайтын қасірет» атты кітап көрмесі дайындалды.

 

Оқу залының аға кітапханашысы С. Тлегенова