Ағымдағы жылдың 28 сәуір күні сағат 15.00-де Железин ауданының орталық кітапханасына қарасты коммуникация орталығында Қазақстан хылықтарының Бірлігі мен Достығы күніне арнап, Железин ОАК «Бір шаңырақтың астында» атты дөңгелек үстел іс-шарасын өткізді. Іс-шараға аудан әкім орынбасары А.А.Мукушева, ауданымыздың  этно бірлестік мүшелері шықырылды.

     Дөңгелек үстелді аудан әкімінің орынбасары ашып, «Мұсылман әйелдер лигасы» атты қазақ этно бірлестігі шашу  шашып, керемет ұлттық әнмен бастады. Дөңгелек үстел әр ұлттың салт-дәстүрлері, сенім-нанымдары бойынша қызықты викторинамен жалғасып, мақал –мәтелдер бойынша түрлі сұрақтар қойылды. Викторинаға барлық келген қонақтар қызыға қатысты. Шара соңында кітапхана директоры А.Т.Каримова барлық келген қонақтарды  мерекемен құттықтап, Белорусия халқының әнін экраннан тамашалуға  шақырды /Веселая роща ауылдық кітапханасының кітапханашысы Шилина Н.В. дайындаған «Рощица» атты ансамльдің орындауында/.  

Жалпы іс-шара көңілді өтіп, әр этно бірлестік өкілі өз тілінде құттықтау сөздер жолдап, өлеңдер оқыды. Ауданымыздың әр ұлты өз тілін, салтын сақтап, бейбіт әлемде өмір сүріп жатқан жас ұрпаққа өз ұлтының мәдениетін қалтырып отырғаны – үлкен мұра.