Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Халыққа кітап даналығын сыйлаймыз» атты аудандық кәсіби шеберлік сайысы туралы
ЕРЕЖЕЛЕР

«Халыққа кітап даналығын сыйлаймыз» атты аудандық кәсіби шеберлік сайысы (бұдан әрі – Сайыс) кітапханалық қызметкерлердің біліктілік деңгейлерін арттыру, «Железин ОКЖ» ММ кітапханаларының жұмысын жақсарту, кітапхана кәсібінің қоғамдық мағыналығы мен беделін жоғарлату мақсатында өткізіледі.

I. Сайыс ұйымдастырушысы
Сайыс ұйымдастырушысы – «Железин ОКЖ» ММ әдістемелік бөлімі

II. Сайыстың мақсаттары мен міндеттері

- кәсіби шеберлікті жетілдіру;

- кітапхана қызметкерлерінің инновациялық қызметтерін қолдау әрі ынталандыру;

- халыққа кітапханалық қызмет көрсету сапасын жақсарту;

- жұмыстың креативті тәжірибесін тарату.


III. Сайысты өткізу мерзімі
Сайыс үш кезеңде өтеді:

- 1 айналым — іріктеу – 2016 жылдың 4 сәуірінен 12 сәуіріне дейін;

- 2-ші айналым — «Кәсіпқой-кітапханашы» дайындық-кезең - 2016 жылдың 20 сәуірінен 26 мамырға дейін;

- 3-айналым — сайыстың қорытынды кезеңі – 2016 жылдың 27 мамыры.

IV. Сайысқа қатысушылар
Сайысқа «Железин ОКЖ» ММ кітапхана қызметкерлері қатысады

V. Сайысты өткізу
Аудандық сайысқа, жасқа қарамастан, 1 жылдан астам жұмыс істеп жүрген «Железин ОКЖ» ММ кітапхана қызметкерлері қатысады .

1-ші кезең: 2016 жылдың 4 сәурінен 12 сәуірге дейін — «Авторлық жоба» - шығармашылық жұмысты ұсыну.

«Авторлық жобаға» келесі кезеңдер кіреді:

- «Мен кітапханамды мақтан етемін» экскурсия-сайысы – кітапханамен таныстыру: кітапхана ғимараты, кітапханалардың ішкі келбеті, кітап көрмелері, слайд-саяхаттар, слайд-көрсетілімдер (5 мин. аспау керек)

- «Біздің мамандық – талпыну мен ізденіс» - кітапханашының визиткасы (өз-өзін таныстыру). Ең бастысы, бұл тапсырмада, қазылар алқасы мен көрермендер бағалайтын, кітапханашының кәсіби әрі шығармашылық қабілеттері, оның біліктілігі, тіл тапшылығы көрсетілсін.

«Визитканы» ұсыну формасы сан түрлі болуы мүмкін: КТК ойыны, театрланған көрсетілім немесе әдеби композиция. Сайыскер өз-өзін таныстыруы тиіс, тек қолдау тобының көмегі қабылданады (7 минутқа дейін).

1 Кезеңде сайыскерлерді бағалау ережесі:

- кәсіби қызметке авторлық шешімдерді өңдеп, еңгізу;

- жұмыстың ерекшелігі, толықтығы және кешенділігі;

- жеке шығармашылық стильді құру;

- қарым-қатынастық қабілеттер, жалпы мәдениет, эрудиция;

- жұмыста инновациялық формаларды қолдану.

 


2-ші кезең: - «Кәсіпқой-кітапханашы» дайындық-сайысы.

3-ші кезең: 27 мамыр – «Халыққа кітап даналығын сыйлаймыз» атты аудандық кәсіби шеберлік сайысын өткізу.
«Халыққа кітап даналығын сыйлаймыз» атты аудандық кәсіби шеберлік сайысының қорытынды кезең қатысушыларын бағалау ережелері:
• сайыскер сөзінің мағыналылығы;
• ұсынылған жұмыс формалары мен әдістердің инновация деңгейі;
• шығармашылық қабілеттерді жан-жақтан ашу (жеке, кәсіби);
• кешенділік, өз-өзіне сену;
• тіл тапшылығы;
• тапқырлық, аңғарымпаздық.
Жеңімпаздарды марапаттау:
Кәсіби шеберлік сайысының нәтижелері бойынша келесі номинацияда жеңімпаздар анықталады:

- «Үздік кітапханашы»;
- «Кітапханалық инновациялар лидері»;
- «Ең креативті кітапханашы» (творчестволық тұлға);
- «Балалар – біздің болашақ» - балалармен жұмыс жасау.