«Дулат бабаның жыр арнасы...»

әдеби танысу.

«Бір ел – бір кітап акциясы» төңірегінде Дулат Бабатайұлының шығармашылығы бойынша «Дулат бабаның жыр арнасы...» атты тақырыпта әдеби танысу шарасы өтті. Шара орталық аудандық кітапхананың оқу залында өткізілді. Әдеби шараның мақсаты болашақ ұрпақты қазақтың асыл тұлғасы ақын жырау, қазақ әдебиетінің шыңы Дулат Бабатайұлының өмірбаянымен оның шығармашылық туындыларын танып білу. Оқырмандарды парасаттылық пен имандылыққа тәрбиелеп, елжанды болуға шақыру. Шараға аудан бойынша жалпы білім беретін №1.2,3 мектептерінің 7, 8, 9, 10 сынып оқушылары және Аграрлы техникалық колледжінің студенттері мен мұғалімдер қатысты. Әдеби танысу шарасына арнайы «Азаттық жырының ақтангері» атты кітап көрмесі безендірілді. Кіріспе бөлімде: балалар Дулат Бабатайұылының өмірбаяны мен шығармашылығы бойынша орталық кітапханашылар күшімен

ұйымдастырылған «Елдік пен еркіндіктің жаршысы» видео презентация көрсетілді. Презентация өзінің мәнді және мазмұнды көркемдігімен қатысушыларға қызығушылық туғызды. Шараның негізгі бөлімінде оқушылар ақын туындыларын айтып, өз талаптарын ортаға шығып мәнерлі орындап көпшіліктің алдында көзге түсті. Ақын туындылары бірнеше тақырыптарға бөлінді. «Туған өлке» табиғаты туралы : «Ақ жайлау мен Сандықтас» поэмасын ЖББ № 3 ші мектебінің 10 сынып оқушылары Тлегенова Т, Нурушева К. дауыстап оқып мәнерлі айтты. Ұлттық поэзиямызды сүйсініп оқитын жоғарғы топ оқырманы, әрі ЖББМ №2 мектебінің кітапханашысы Дегтярева Т.С «О, вершин этих горных гряда» туындысын жастар алдында таныта білді. Ақынның өзіне байланысты туындылары да шет қалмады. «Қайғылыны уаттым», «Слушайте все как поет Дулат» өлеңдерін орындаған ЖББ № 1 мектебінің 8 сынып оқушысы Копеева А. Келесі тақырып тарих, адам мінез құлақтары туралы туындылар: «Ақтанға», «Сулеймену» орындағандар ЖББ№3 7 сынып оқушысы Есеналиева Аружан өзінің табиғи талантылығымен көзге түсті және зейнеткерлер арасынан Ряднова Л.К. шеберлікпен ақын поэзиясын шын көңілмен орындап бергеніне қатысушылар риза болып ду құрметпен қол шапалақтады. Ақынның халық пен билер тақырыбына арналған өлеңдерді орындағандар Альсеитова С, Бижанова С. Ал еңбек тақырыбына арналған: «Думай о деле народа всегда» мәнерлі орындаған №2 мектебінің 7 сынып оқушысы Ашанин А болды.

Дулат Бабатайұлының шығармалары арасында оқушыларға танымал «Еспембет батыр» поэмасы. Бұл дастандағы «Еспембеттің Ер Қосайдан алған батасы» атты дастанын көрермендерді сүйсіндіре орындаған Тұрыспек Маралдың өнері көпшілікті таң қалдырды. Ақын жырау шығармалары туралы, кеңес заманда қазақ әдебиетіндегі проблемалар көп болды. Сол себепті қазақтың ұлы классигі М.Ауэзов «Абай жолы» романында Дулатты «Барлас» деп атады. Барлас ақын туындыларынан: «Құлағын сал жырыма» үзіндісін орындаған №3 мектебінің 10 сынып оқушысы Абильманова Айжан поэзия кешінің соңғы шымылдығын жапты. Соңында ЖББ №3 мектебінің 7 сынып оқушылары Есеналиева А, Сағнаева С, Кульмағамбетов А, Мұхаметқали А, Сатыбаева Д Дулат Бабатайұлының «Қара қарға» мысалынан сахналық көріністі орындап өз өнерлерімен белсенділік танытты. Бұл көрініске бар күш жігерін салып дайындаған № 3 қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі Даулетова Күмісай Теңдікқызына орталық кітапхана ұжымы көп алғыс айтып ризашылығын білдіреді. Осындай ұстаздар көп болып еңбектері жемісті бола берсін демекпіз. Жалпы қатысушыларға айтатынымыз кітапхана іс шараларына қатысып кітап оқудан қалмай. Жылдан жылға жұбымыз айрылмай кездесе берейік. Шараның соңында барлығы ескерткішке суретке түсті.

 

Құрастырған: ОБК кітапханашысы Ашкенова Г.А.