Кітапханалық істе ақпараттық технологиялардың жетістіктерін пайдалану ақпараттың сақталуын, сонымен қатар оған қолжетімдікті қамтамасыз етеді.

ҚАЗҰЭК – қазақстандық ұлттық электронды кітапхана.    Бұл жоба «2007-2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті төмендету» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – электронды мемлекеттік кітапханалық қордың Бірегей ұлттық каталогы мен Бірегей электронды қоймасын құру
ҚазҰЭК 2007 жылдың желтоқсанында пайдалануға тапсырылды. Сол кезден электронды порталда 23 000 Ғаламтор пайдаланушылары тіркелген, бұл Қазақстан үшін жоғары көрсеткіш. Бүгінгі таңда екі мыңнан астам кітап цифрленіп, олардың барлығы веб-порталдың ресурстарында қолжетімді. Барлық кітапханалар ҚазҰЭК қорларына тегін қолжетімдікпен қамтамасыз етілген.

ҚазҰЭК ақпараттық ресурстарды пайдалану тек кітапханашы көмегімен жүзеге асырылады.  Жобаға қатысушы-кітапханаларға тіркелген оқырман – ҚазҰЭК ресурстарының тұтынушысы бола алады.

Қолжеткізілім деңгейіне сәйкес, ҚазҰЭК пайдаланушысы кітапханалық қызметтің кез келген түрін тұтынуға құқылы: 

Барлық категориядағы пайдаланушылар үшін:

Электронды каталогтан ақпарат іздестіру;
Авторландырылған портал пайдаланушылары үшін:

оқу режімінде электронды көшірмелерді қарау; 
 кітап беттерін құрастыру, көшіру; 
   кітапханашыға сұрақ қою мүмкіндігі

– виртуалды  анықтама қызметі;

Егер бұл ақпарат сізді қызықтырған болса, аудандық орталық кітапханаға келіңіздер, біз сіздердің сұрақтарыңызға жауап табуға көмектесеміз.

ҚАЗҰЭК – электронды ресурстары: http://www.kazneb.kz

ОКЖ библиографы У.Курносова Ғаламтор материалдары бойынша дайындады