Железин ОКЖ-сі кітапханалардың жұмысын жаңа режимде өткізу шеңберінде  «Кешкі кітапхана»  жобасын бастады. Кітапхана жұмысының бұл түрі әр сәрсенбі күні,  18.00-20.00 сағат  аралығында  оқырмандардың түрлі категорияларымен кездесуді жоспарлайды.   

       2 наурыз күні кітапхананың конференц залында оқырмандардың аға буынынмен кездесу дебюты өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Р.К. Усина мен ауданымыздың мәдениет, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы  А.А.Мукушева қатысты.

       Райхан Қайыржанқызы барлық қонақтарды осындай кремет жобаның басталуымен құттықтап, заманымыздың адамдарының бүгінгі күні кітап оқуды қойып,  ақпаратты жылдам алатын жолды таңдап отырғаны жайындағы үлкен мәселелі тақырыпты қозғады. Әрине, ақпаратты, кез-келген анықтаманы жылдам алу өте оңтайлы, бірақ әр адам кітапты оқымай-ақ, мазмұнын біле алады. Бұл өте қызықсыз емес пе?! Кітап оқудың маңызы да, пайдасы да кітапты оқуда, сол кейіпкердің өмірін сүруде  емес пе?  Кітап оқитын адам түрлі әлемдерге саяхат жасап,  уақыттың түрлі кезеңдерінде бола алады.  Кітап – уақыттың түрлі кезеңдеріне апара алдатын көлік. Ал оқымайтын адам тек қана өзінің өмірін сүреді.

     ОКЖ директоры Алтын Танжарықызы барлық қонақтарға кешкі кітапхананың мән-жайын түсіндіріп, болашақ шаралардың жоспарын атап өтті.   

     Кездесу тақырыбы Алғыс айту күніне арналған болған соң, қонақтарға осы мейрамның пайда болу тарихы туралы бейнематериал қарау ұсынылды.     

      Шұға Кәкішқызы Нургалиева, білім беру саласының кәсіподақ ұйымының төрайымы ретінде кітап оқуды насихаттайтын мектеп жобаларымен таныстырды.  

      Ғалия Канафьевна Абдразакова өз сөзін барлық этно бірлестіктерге бейбіт өмір мен достық үшін алғысынан бастады.  Қиын жылдары депортацияға түсіп, осы елеге келген адамдардың аман қалуы – қазақ халқының дархан қонақжайлығының арқасында екенін айтты.      

     Жастардан шараға ішкі саясат маманы Аманжол Сейітұлы Чужаев қатысты.  Аманжол Сейітұлы осы хабарламаны әлеуметтік желілерден көргенін сөз етті.

      Шара өте жылы  қарым-қатынаста өтті. Қонақтар шай іше отырып, әңгіме-сұхбат құрды және ән айтып отырды. Айта кететін жай - аға буынды оқырмандарымыз бірі-бірін оффлайн түрінде кездестіргеніне өте қуанышты болды.