Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай Железин аудандық «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік және жасампаздықтың 30 жылы» атты 2-күндік кітапханалық марафоны өтті. «Шабыт» шығармашылық және жастар орталығының фойесінде «Болашаққа бағдарланған Қазақстан» атты кітап көрмесі қойылып, оған еліміз туралы, Қазақстан тарихы, тарихи тұлғалар туралы, т.б. кітаптар кірді. Сондай-ақ кітапханашылардың шығармашылық көрмесі өтті: орталық кітапхана жүйесінің әдіскері С.А.Бурамбаева, Озерный а/к кітапханашысы С.Ж. Смагулованың  суреттері; ОКЖ іс жүргізушісі Ж.А.Токбатырованың тоқыма бұйымдары  және орталық кітапхана жүйесінің библиографы З.Серуеннің кондитерлік өнімдері, Захаровка а/к кітапханашысы М.Т.Қалқайдарованың тіккен жастықтары мен көрпелері кітапхананың шығармашылық көрмесін безендірді. Сондай-ақ, Ресей орталық кітапханасының әдіскері Г.П.Кроо ұйымдастырған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – камераның объективінде» атты фотокөрмесі қойылды.

           Библиомарафонның 1-ші күні коворкинг офисінің кітапханашысы А.Қ.Ибраеваның дайындаған «Өмір игі істерге берілген» атты фильмін көрсетумен басталды. Одан әрі әдіскер А.С.Бурамбаева «Бірге біз Қазақстанбыз» атты ұрпақтар диалогын жүргізді, онда екі буын уақыт плюстары, сән, музыка және т.б. тақырыптарда диалогқа түсті. Бұл шара 5 кезең бойынша өткізілді. Л.О.Камкова, Г.А.Машкова, К.Х.Саржанов, Т.С.Сарсенов, О.Б.Калюжный белсенді қатысты. Жастар атынан А.Булатбаева, Р.Жаманбалинова, Н.Жаманбалинов, Т.Богомол, Ю.Проскурякова белсенділік танытты. Айта кету керек, іс-шара өте қызықты өтті, барлық қатысушылар белсенді түрде сөз сөйлеп, өз мүдделерін қорғады.

             Одан әрі балалармен жұмыс жөніндегі әдіскер А.Е.Умарованың жетекшілігімен БӘБ оқырмандары көрсеткен «Тарих беттерінде» атты библиотеатр көрермендердің көңілінен шықты. Бұл қойылым қазақ жазушысы І.Есенберлиннің «Алтын Орда» романы бойынша түсірілді. Асан Қайғының кеңесімен әз Жәнібек хан Алтын Орда астанасын Сарыарқа даласына көшіруге мәжбүр болған Қазақ хандығының тарихи кезеңін балалар шеберлікпен сахналай білді. Сахнаны сомдаған: Асан қайғы – Ә.Аңсабаев, Жәнібек хан – Ә.Саржанов, Төре би – Т.Сағымбай, дәйекші жігіт– Ә.Шәріпов, жүргізуші – Ж.Есеналиева, Жәнібек ханның бәйбишесі  – Ш.Рахимжанова.

       Библиомарафонның 2-ші күні «Мен үшін Тәуелсіздік не?» атты  фильмімен басталды. БӘБ кітапханашысы У.Р.Курносова мен библиограф З.Серуен облыстың Құрметті азаматтарымен «Табыс формуласы» атты диалог алаңын өткізді. Шараға Әмірхан Әубәкіроваұлы Омаров, Мұрат Хасанұлы Багжиков, Евгений Алексеевич Кисляков қатысты.

     Викторина ойынын абонемент кітапханашылары А.А.Жантемирова мен Г.М.Алигазина жүргізді. Әрбір дұрыс жауап үшін ұйымдастырушылар фишкалар берді, сондықтан ең көп фишка жинаған жеңімпаз болды. Жеңімпаз болып  М.Дулатов ат. Железин № 3 мектебінің оқушысы  Жансая Есеналиева атанды.

      Одан әрі жоспар бойынша оқу залының кітапханашысы С.И.Тлегенованың жетекшілігімен шараға шақырылған «Қазақстан – менің туған өлкем!» поэзиялық-музыкалық студиясы сахнаға шықты. Сүйікті жер туралы, туған Железин туралы В.Проскуряков жазған жүрекжарды әндер шырқалды.

      Библиомарафон  барлық қонақтар хормен шырқаған «Атамекен» патриоттық әнімен аяқталды. Іс-шараның барлық белсенді қатысушылары мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Библио театрының қатысушылары ЖК «Феникс»-тің  кітапханаға демеушілік ретінде берген екі қорап пицца түріндегі сыйлықтарға ие болды.