Кітап — рухани сарқылмас қазына. Кітап деген де, әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен біреулер ермек үшін оқыса, біреулер адам өміріңдегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. Білімнің қайнар бұлағы- кітап деп бекер айтпаған. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес шығар.

Дегенмен де, оқылған кітаптар сөрелерде тұрып жиі ескіреді. Олардың өмірін кітапханаға сыйға тартып ұзартуға болады. Оқырмандарымыздың арасында бұны түсінетін адамдар бар.

Кітапхананы құтқаратын — кітап сыйлаушылар. Олардың адалдығының арқасында біздің кітап қоры қажетті де түрлі әдебиетпен жиі толығады. Осылайша, жуырда біздің қор оқырмандардан сыйлық ретінде ұсынған кітаптармен толықты. Сыйлыққа алынған кітаптардың арасында тарихи, ғылыми, көркем әдебиет бар.

Сыйлаушылар арасында Слугина Л.С., Ибраев К.К., Борунова А.А., Зейнелгабиденов К., Магзумов Р.Ш., Поминов Ю.Д. Ханенко А., Демиденко Л.Г. Кітапхана қызметкерлері оларға кітап қорына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді. Табысталған кітаптар сөрелерімізде өз орнын тауып, оқырмандарға қуыаныш пен пайда әкеледі. Үлкен рахмет сіздерге!