Ағымдағы жылдың 9 маусым күні Железин ауданының  орталықтандырылған кітапханалық жүйесі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  30-жылдығы аясында жазылған С.Елікбаевтың «Мәшһүрдің мұңы» романының тұсаукесерін  ұйымдастырып өткізді. Бұл әйгілі әулие, ХХ ғасырдың ойшыл-философы, ғалым, ақын, тарихшы, шежіресі Мәшһүр бабамыздың өмірі жайлы жазылған тұңғыш роман.

       Іс-шара «Шабыт» шығармашылық және жастар орталығында ұйымдастырылып, оған филология ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы Университетінің профессоры, доцент Серік Төлеубайұлы Елікбаев,  Мәшһүр Жүсіптің шөбересі, С.Торайғыров Университетінің профессоры Ертай Қуандықұлы Жүсіпов,  Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Мейрам Төлегенұлы Нұғыман, Железин ауданының әкімінің орынбасары Мукушева Айгүл Абайқызы  қатысты.

       Көркем әдеби романның тұсаукесер шарасы дәстүрлі түрде шашумен және «Шабыт» жастар орталығының маманы Бутиев Әділеттің орындауында ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен ашылды.

      Туындының  авторы   Елікпаев Серік Төлеубайұлы  1969 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында дүниеге келіпті.1994-1996 ж.ж. Ш.Құдайбердіұлы атындағы Семей мемлекеттік университетін тәмамдап, сол жылы аталған университеттің қазіргі қазақ әдебиеті кафедрасына оқытушы болып қабылданған.  1996-1997 ж.ж. Екібастұз жоғары педагогикалық колледжінде оқытушы, 1997-2002 ж.ж. Павлодар университетінің аға оқытушысы, Павлодар мемлекеттік педагогика институтының доценті, сырттай оқыту факультетінің деканы, тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры қызметтерін атқарды.         2013-2014 оқу жылынан бастап С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасының, 2017-2018 оқу жылында қазақ тілі және журналистика кафедрасының профессоры қызметтерін атқарды. 1999 ж.ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінде аспирантурада оқыған. «60-80 жылдардағы өлең құрылымы (ұйқас, тармақ, шумақ ерекшеліктері)» тақырыбында 10.02.01. Қазақ әдебиеті мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Әдебиеттің түрлі мәселелеріне қатысты бірнеше мақаланың, оқулық пен оқу құралдарының авторы.  Бұған дейін де Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы туралы әдеби шығармалар жазылды, дегенмен, бұл – ғұлама бабамыз жайлы тұңғыш роман, алғашқы сүбелі еңбек. 500 дана таралыммен жарық көрген кітаптың демеушісі – Болат Аманбаев.

      Романда қазақ ақыны, шежіресі, әулимесі  Мәшһүр Жүсіп өмірі жайлы айтылады. «Шығарма тілі мол бояулы, қазақ тілінің сөз қорына бай.Бұл еңбек Мәшһүр Жүсіп өмірінің  жаңа бір қырын ашуға көмектеседідеп сенеміз», - дейді автор.

      Серік Төлеубайұлының«Мәшһүрдің мұңы» атты кітабының лентасын қию  рәсімі Железин  ауданының Құрметті  азаматы Багжиков Мұрат Хасанұлы  мен аудан әкімінің орынбасары Айгүл Абайқызына  бұйырды.

        Мәшһүр Жүміп бабамыз – халықты жақсылыққа үндеген, ерекше қасиеті бар  тарихи тұлға.

     Серік Төлеубайұлына өрлеу  және толағай табыс тілейміз!

    Железин ауданындық кітапханасының оқырмандары осы туындыны кітапханадар ала алады