Биыл Астана күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы жылында аталып өтпек.

 

14 шілде күні орталық аудандық кітапханасының қызмет көрсету бөлімі, әмбебап оқырмандар үшін, Астана Күніне арналған, "Қазақстанның жүрегі және мақтанышы" атты «тарихи визитканы» өткізді.

Шара барысында қатысушылар Астананың құрылу кезеңдерімен, астананы алмастырудың саяси және экономикалық мәселелерімен танысты. Тәуелсіздік алғалы Астанада көптеген өзгерістер болды.

«Астана – әсем ән қала» викторинасы өткізілді, оған Астана тарихы туралы, оның көрікті жерлері мен рәміздері туралы сұрақтар енді. Тыңдармандар өз пікірлерімен бөлісті. Астананың көркейгені туралы әңгіме құрды. Кездесуде Астана туралы өлеңдер мен әндер шырқалды.

  Көрмеде, оқырмандар назарына Астананың тарихы туралы, өткені мен болашағы туралы, Астананың экономикалық, мәдени және әлеуметтік даму аспектілері туралы әдебиет ұсынылды.

  

Оқу залының аға кітапханашысы С.Тлегенова