Халықаралық қарттар күнін мерекелеу аясында Железин ОАК жанындағы коворкинг-офисте "Өмірдің алтын күзі" атты кеш өткізілді. Іс-шараға: Проскуряков В. Н., Путинцева С. Л., Абдразакова Г. К., Баянбаев А. А., Рыбин В. В., Слугина Л. С.,  Амренова А. К., Южакова А. М., Мищенко А.Ф., Лобанова Л. келді.

      Салтанатты бөлім барысында. Қ.Әлсейітов атындағы АМУ концертмейстері  Танирбергенов Иса  аға буын өкілдерін шын жүректен мерекемен құттықтап, оларға тамаша әндер ("Дорогие мои старики", "Кешікпей келем деп ем") сыйлады. ОАК кітапханашылары музыкалық байқаулар, күлкілі тесттер, ертегі-экспромт, "Бәрін еске түсіру" ойынын өткізді. Отырыс жеңімпаз лотереясымен аяқталды, бұл біздің қонақтар үшін жағымды тосын сый болды.