Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, 15 желтоқсанда "Железин ауданының ОКЖ" КММ "Рухани жаңғыру" кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А.А. Мукушева, кітапхана ісінің ардагері Л. С. Слугина қатысты, олар кабинеттің салтанатты ашылу рәсімін өткізді және қызыл лентаны қиды.

Кабинетті ашылу мақсаты –  халқытың барлық топтарына қатысты қызмет көрсетілетін ақпараттық функцияларды орындау болып табылады.

Міндеттері - ақпараттық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында кітапхана жүйесіне ақпараттық технологияларды енгізу.

Кабинетте "Рухани жаңғыру" бағдарламасымен таныстыру үшін аймақ орналасқан. Аймақтың ортасында кітап орналасқан, өйткені бұл кітапхананың негізгі ақпараттық бірлігі болып табылады. Кітапта қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 негізгі бағыты көрсетілген.

"Рухани жаңғыру" аймағында 3 ақпараттық кітап көрме-экспозициясы рәсімделді.

1 – ші кітап көрмесінде - арнайы бағдарламалар, бағдарламаның бағыттары орналасқан.

 2-ші кітап көрмесінде - Қазақстанның киелі географиясы туралы материал дайындалған.

3-ші кітап көрмесінде  - " Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" рәсімделген.

Сонымен бірге, оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері үшін цифрландыру бағдарламасы шеңберінде "egov.kz" ақпараттық қызметтер аймағы жасалынды. Кабинет интернет желісіне қосылған.

 Салтанатты шараны "Железин ауданының ОКЖ" КММ директоры А. Т. Каримова жапты.