«Баланың кітапқа қарай жолы: отбасы, мектеп, кітапхана»

/семинар-практикум/

 

Баланы кітап оқуға қалай баулуға болады? Кітап оқудың пайдалы екені туралы айтып керегі жоқ: себебі, балалардың  талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы-кітап екенін әр ата-ана біледі. Дегенмен, бұл түсінікті балаларға қалай жеткіземіз, оларға кітаптың ғажайып әлеміне кіруге қалай көмектесеміз? Орталық балалар кітапханасында өткен, «Баланың кітапқа қарай жолы: отбасы, мектеп, кітапхана» атты семинар-практикумның қатысушылары осы сұрақтарға жауаптарды табуға тырысты.

«Железин ОКЖ» ММ директоры М.Н.Адамова қазіргі жағдайда отбасылық оқулардың маңыздылығы туралы айтты. Балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскер, А.Ж.Амренова «Балаларды оқуға баулу: проблемалар мен перспективалар» атты әдістемелік кеңес берді. Ол, баспасөзге деген қызығушылықты қолдау, шығармашылық отбасылық оқуды дамытуға тиімді технологияларды өңдеп, еңгізу – бұл ортақ қызмет: КІТАПХАНА-КІТАПХАНАШЫ-БАЛА-АТА-АНА екендігін белгіледі. Орталық балалар кітапханасының аға кітапханашысы Чехова Н.С. «Сайыстар мен жобалар оқу мен кітапты ілгерлету құралы ретінде» тақырыпты жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, кітапханашы болашаққа құрылған жоспарларымен бөлісті. Кітапханада, «Өнегелілік және мейірімділік сабақтары» әдеби сабақтар циклын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, «Книгочей» дауысты оқулар үйірмесін ашуды жоспарлап отыр. Циклға өнегелілік тақырыпта, кіші мектеп жасының балаларына арналған, ең үздік шығармалар еңгізілді. ОБК оқу залының кітапханашысы, О.А.Зданович, «А.Алексиннің «Ең бақытты күн» кітабы бойынша сабақтан үзінді көрсетті.

«Светлячок» балабақшасының тәрбиешісі Каменова А.А. кітап оқуға баулуда, әдебиетті сүйіп, білетін тәрбиешінің рөлі маңызды екенін белгіледі. Осы қасиеттер тәрбиеші бойында болмауы да мүмкін. Бірақ, баланы оқырман қылуға шынайы үміт болу керек, мамандар кеңестерн тыңдап, олардың берген кеңестерін пайдалану керек. «Баланы оқырман қылып тәрбиелеу үшін, бала кітап оқу керек!» - деді тәрбиеші. Ол кішкентай бүлдіршіндерге қандай кітап оқыту керек екенін айтты. Каменова айман Айнабаевна өз сөзін «Кітаптарды жүйелі оқыған кезде, бала оқылғаны туралы ойланады. Сонда ғана еңбегіңіз жерге кетпегенін түсінесміз» - деген сөзбен аяқтады.

            Железин № 2 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі, Екатерина Васильевна Калюжная өзінің баяндамасын, С.Лупанның «Поверь в свое дитя» кітабының авторлық  «Балаға оқу талғамын баулу – оған бере алатын ең үздік сыйымыз» сөзінен бастады.

            Железин № 2 ЖББОМ кітапханашысы Дегтярева Татьяна Семеновна «Кітапхана мен отбасы: балаларды оқуға баулудағы маңызды тандем»  тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.    

             «Біз отбасымызбен бірге оқимыз» атты «ашық микрофонда» Караульная Е.А және Симонова О.Ю. баяндап берді. Баяндамаларында, баланы кітаппен бала кезінен таныстыру керек екенін белгіледі. «Қалай шаршап келсеңіз де, уақытыңыз тығыз болса да, күніне бір сағат болса да, баланың кітап оқуына назар аударыңыз, тіпті ол үшін маңызды істерді қоя туру керек болса».

Семинар-практикумда,2016-жылдың жазғы оқуларының аясында өткізілген, әдеби викторинаның қатысушылары марапатталды. Лесной ауылдық кітапханасының кітапханашысы Даирбаева К.М., 2016 жылдың жазғы оқулары бағдарламасын жүзеге асыруға көмектескені үшін, алғыс хатпен марапатталды.

«Баланың кітапқа қарай жолы: отбасы, мектеп, кітапхана» семинар-практикумның қорытындыларын шығарар кезде, ОКЖ директоры М.Н.Адамова балабақша тәрбиешілермен, мұғалімдермен, мектеп кітапханашыларымен ынтымақтастықтың қажеттілігін және балаларды оқуға баулу қажеттілігін белгіледі.

 

Амренова А.Ж.,балалармен жұмысжасау бойынша әдіскер