«Заманауи әдебиет: жаңа есімдер»

(әдеби семинар)

 Көркем әдебиетті, классиканы, замануаи авторлардың үздік шығармаларын білу - заманауи оқитын кітапханашының «келбеті» болып табылады. Кітапханашылардың білімдерін толықтыру мақсатында, орталық аудандық кітапханасымен «Заманауи әдебиет: жаңа есімдер» атты әдеби семинар өткізілді.  

Семинарды «Железин ОКЖ» ММ директоры М.Н.Адамова ашып, жүргізді. ОКЖ әдіскері Апаева М.Н. «Қазақстанның заманауи әдебиеті; есімдер мен тенденциялар» слайд-шолуын ұсынды. Ол қазақ әдебиетінің ең әйгілі 13 кітапты атады. ОКЖ әдіскері Чикишева А.Н. «Әлемдік классика: міндетті түрде оқуға арналған, ең үздік 10 кітап» тақырыбын баяндап берді. Ол тарихтың дамуына әсерін тигізген және жаңа ғасырдың бастауы болған, әлемдік классиканың басты кітаптары туралы айтып берді. Баяндама барысында «Классика и не только...» әдеби-ұсыныс слайд-альманах көрсетілді.  

 Бүгінгі таңда көпшілік кітапханалардың басты міндеті – барьерлерді бұзып, өз ресурстарын мүгедектер үшін қолжетімді қылу. «Заманауи көркем әдебиет: ерекше көзқарас» атты шолу-көрсетілімді, ОКЖ-нің мүгедектермен жұмыс жасау бойынша әдіскер, А.И.Кималиденова ұсынды.

Ең талапты, мұқият және байсалды көрермен – жастар. Жасөспірімдерге арналған заманауи әдебиет – бұл алғашқы мектеп махаббаты туралы, ата-аналармен қарым-қатынас туралы кітаптар. Көптеген романдар үлкен мәселелерді қозғайды. Соңғы он жылдықта жасөспірімдер не оқиды? Балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскер, А.Ж.Амренова «Жасөспірімге қызықты болатын, 10 кітап» атты ақпараттық-білім беру слайд-шолуын ұсынды.

Семинар қатысушыларының назарларына, «Бір ел – бір кітап» Х республикалық акциясы аясында, Дулат Бабатайұлының «Қара қарға» мысалы сахналанды.

Семинардың қорытындысын «Железин ОКЖ» ММ директоры М.Н.Адамова шығарды.

 

Амренова А.Ж., балалармен жұмыс жасау бойынша әдіскер