Талантты жазушы, дарынды драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Думан Рамазанның жаңа жинағына «Керей - Жәнібек», «Пешене», «Бейуақ», «Қанатталды», «Кек» атты драматургиялық төл туындылары мен шетел қаламгерлерінен аударған пьесалары топтастырылған.

Автор тарихи һәм қазіргі тақырыптарға қатар қалам тербейді. Көркем шығармаларда тарихи тұлғалардың ақыл-парасаты, келешекке көз тастар көрегендігі, тереңнен ойлап, кеңінен байлам жасар кемеңгерлігі, ел бастар көсемдігі, сөз бастар шешендігі мен қол бастар батырлықтары айрықша айшықталса, өзімізге етене таныс бүгінгі күн қаһармандарының тыныс-тірлігі мен іс-әрекеттері ерекше суреткерлік шабытпен кестеленген. Шығармалардың тілі шұрайлы, ойы орамды, көркемдік қуаты жоғары.

Кітап жалпы көпшілік қауымға арналған.

"Бір ел – бір кітап" акциясы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жалпыхалықтық оқуға "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына-30 Кітап"рухани-мәдени акциясы ұсынылды.

 Колледж студенттерінің назарына "Пешене"кітабы ұсынылды.

Кітапханашы Жантемірова.А.Думан Рамазанның "Жүрек қоңырауы"шығармашылығына шолу жасады. "Пешене" драмасындағы негізгі тақырыпқа тоқталды. Әңгіме барысында студенттер өз пікірлерін білдіріп, қорытынды жасады.

Студенттер кітап оқуға қызығушылық танытты. Іс-шараға 9 адам қатысты.