Орталық аудандық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, «Ата Заң – азаттықтың айғағы, болашақтың бағдары» атты дөңгелек үстел өтті.

         «Дөңгелек үстел» қатысушылары елімізідің негізгі заңының мәні, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан мемлекеттігінің құрылысындағы ерекше тарихи рөлі туралы әңгіме құрды.  «Дөңгелек үстел» қызмет көрсету бөілімінің кітапханашысы дайындаған, «Еліміздің құқықтық тірегі» слайд-бағдарламаны көрсетумен ашылды.

 Шараға Железин ауданының Құрметті азаматтары А.М. Гасанов, А.И. Прокопцов, А.А. Омаров, аудандық ардагерлер Кеңесінің орынбасары В.В.Рыбин, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының бірінші орынбасары Т.С.Сарсенов, «Нұрлы-Мерей» қоғам қорының директоры  К.К. Нургалиева    қатысты.   

         Шара қонақтары Ата Заңның әр азамат өміріндегі рөлін, оның демократиялық процесстердің дамуындағы және қазақстандық мемлекеттікті дамытудағы маңыздылығын талқылады. Еліміздің Ата Заңы жас мемлекетіміздің құрылу кезеңінде қалыптасты. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының бірінші орынбасары Т.С.Сәрсенов қатысушылардың назарын Ата Заңның демократиялық сипатына аударды.

Содан соң, сөзді тарих пәнінің мұғалімі Т.А.Махметов алды. Ол «Жеті Жарғы» заңдарынан бастап әрекеттегі Ата Заңның жаңа өзгерістеріне дейін қысқаша экскурс жасады. Ол еліміздің негізгі заңының, басқа елдердің ата Заңдарымен салыстырғанда, новаторлық сипатын белгіледі.

 Дөңгелек үстел қатысушыларының назарына «Айбарлы асқақ – Ата Заң» атты кітап көрмесі дайындалды.

 

Оқу залының аға кітапханашысы             С. Тлегенова