Ағымдағы жылдың ақпан айының соңында қазақстандықтар ақын, импровизатор Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуын атап өтті. Ақын өзінің ұзақ және жемісті ғұмырын ең жақсы адами қасиеттерді — патриотизмді, бекзаттықты, құқық ісіне адалдық пен әділдікті жырлауға арнады. Жамбыл-қазақ халқының мақтанышы ғана емес, әлемдік деңгейдегі поэзияның шыңы.

      Пайдаланушылардың ақынның әдеби шығармашылығына қызығушылығын арттыру мақсатында Железин ОКЖ әдістемелік бөлімі "Халық поэзиясының алыбы" челлендж-сайысын ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері ақынның шығармашылығына жақын оқырмандармен бірлесе отырып, Жамбыл шығармаларын жазып, бейнероликтер дайындады және оларды әлеуметтік желілерге орналастырды. Бейне материалдарды дайындау кезінде театрландыру элементтері, музыкалық сүйемелдеу, орындаушылық шеберліктің басқа да нысандары мен тәсілдері қолданылды.

     Наурыз мейрамы қарсаңында челлендж байқауының қорытындысы шығарылды. Жиналған дауыстар саны бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орын – Позднякова Галина Федоровна (Михайловка модельдік а/к), 2 орын - Шамшидова Мадина (Еңбекші а/к), 3 орын – Серікбай Диляра (Железин БӘБ). Көрермендер көзайымы жүлдесіне келесі қатысушылар ие болды: Тілеуберді Жансат және Шарипов Ануар (Железин БӘБ), Әділбеков Санжар (Уәлихан а/к).

     Жеңімпаздар бейнероликтерінің үзінділері YouTube-каналында (Железин кітапханасы) жарияланатын челлендж-байқаудың жалпы бейне шолуына кіреді.

     Челлендж-байқаудың ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға кітапханамен ынтымақтастық үшін, олардың ұлттық мәдени мұраны сақтауға ықпал ететін шығармашылық мақсаттылығы үшін алғыс білдіреді.