Ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың 175-жылдығына арналған,
«Халық поэзиясының алыбы» атты челлендж-сайыстың ұйымдастырылуы туралы
Ереже
Железин а. Құрастыру күні: 11 қаңтар, 2021 жыл
1.Жалпы ережелер
- Бұл ереже «Қазақ поэзиясының алыбы» атты челлендж-сайыстың, әрі қарай Челлендж, ұйымдастырылуы мен өткізілуінің негіздерін айқындайды.
- Челлендж-интернет-роликтердің жанры, онда қатысушы бейнекамераға тапсырманы орындайды және оны желіге орналастырады, содан кейін бұл тапсырманы кез-келген пайдаланушылар тобына орындауды ұсынады.
- Мақсаты мен міндеттері
- Пайдаланушылардың ақынның әдеби шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру.
- Қатысушылардың шығармашылық әлеуетін іске асыруға жәрдемдесу.
- Оқырмандық белсенділікті арттыру.
- Құрылтайшылар мен ұйымдастырушылар
- Челлендж ұйымдастырушысы: «Железин аудагнының ОКЖ» КММ –ң әдістемелік бөлімі
- Қатысушылар
- Челленджге халық ақынының шығармашылығына жақын кез келген адам қатыса алады.
- Өткізі мерзімі
- Челлендж 2021 жылдың 1-28 ақпаны аралығында өтеді.
- Конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі
- Челленджге қатысу үшін қатысушы priemnaja@cbs.zhelezinka.kz электронды мекенжайына /ақынның немесе басқа да қазақ ақынының шығармасын/ бейнематериал жолдау қажет.
- Қатысушы орындаушылық шеберліктің түрлі нысандарын, тәсілдері мен құралдарын пайдалана алады. Музыкалық сүйемелдеуді, театрландыру элементтерін қолдануға болады. Бейнероликтің ұзақтығы 3 минуттан аспауы тиіс.
Instagram және Facebook парақшаларында Челленджді ұйымдастырушы өз кезегінде осы роликті 2 тәулік ішінде жариялауға міндеттенеді.- Каждый участник может предоставить на Челлендж только одну работу.
- Олар ұсынған жұмыстар рецензияланбайды және авторларға қайтарылмайды, жұмыстар үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзбауы керек ("авторлық құқық туралы" ҚР Заңы»)
- Қатысушы бұрын басқа конкурстар мен челлендждерге қатыспаған жұмысты ұсынады.
- Челленджді ұйымдастырушы авторларды міндетті түрде көрсете отырып, жұмыстарды пайдалану құқығын өзіне қалдырады.
- Конкурстың қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы құрылады.
Бейне жасау кезінде келесі схеманы пайдалану ұсынылады:
- титулдық бет (кітапхана атауы, қатысушының аты-жөні, шығарма атауы, Челлендж атауы);
- бейнеролик;
-пайдаланылған интернет-материалдардың пайдаланылған көздерінің Немесе сілтемелерінің тізімі.
Бағалау критерийлері:
- таңдалған шығармалардың конкурс тақырыбына сәйкестігі;
- мәтінді жатқа білу;
- актерлік шеберлік;
- қатысушының сахналық мәдениеті.
- Марапаттау
- Жеңімпаз атанған қатысушылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
- Қазылар алқасы бейне материалдарды қосымша көтермелеу құқығын өзіне қалдырады (алғыс хат, арнайы номинация)
- Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылдың 5 наурызында өтеді.
- Үздік жұмыстар әлеуметтік желілерде Железин ОКЖ бетінде 2021 жылдың 22 наурызынан кешіктірілмей жарияланатын жалпы бейнероликке енгізіледі.
![]() |
![]() |