Құрметті достар!

          Барлық заманда кітап құнды сый ретінде  саналып келеді. Сыйлық-бұл жанның сыйы. Кітапханаға сыйға тартылған кітаптар оқырмандардың оқудан ләззат алып, оның сыйға тартушысының жан жылуын сыйлайды.

Оқырмандардың сыйға тартқан кітаптарын біз қуана-қуана қабылдаймыз және оларға шын жүректен ризамыз, өйткені олардың ең құнды бөлігі қорды толықтыруға жұмсалады.

Біздің кітапханамызда сый жасайтын оқырмандар аз емес. Бізді керемет кітап сыйлықтарымен қуантқан адамдар туралы айтқымыз келеді. Олардың арасында Хамитов М.М., Саденов А. Т., Саржанов К.Х., Ракишев Е. Б., Абдразакова Г. А., Горобец В.П., Павлодар облыстық кітапханасы, ПМУ бар.

Олардың сыйлықтарының арқасында кітапхана қызықты басылымдармен толықты:

Артықбаев Ж.Бұқар жырау: ғұмыр белестері; Шаймерденов Т. Ұстаз – ұлағатты ұстаз. Барлығы мұғалімнен басталады; Туманский Е.Павел Васильев, каким его не знали; Садвакасов Ж. Мечты сбываются, Сұлтанбет Баһадур Сұлтан және т. б. біздің оқырмандарымызды "Черная кошка" сериясындағы кітаптар, тарихи романдар, классикалық шығармалар, балалар басылымдары қуантады. Бағбанға, қол өнерімен айналысатындарға арналған және ұлттық тағам жайында рецепттері бар кітаптар қажет болады деп үміттенеміз.

Біз барлық оқырмандарымызға жанның жомарттығы мен жүректің мейірімділігі үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Ал біздің кітапханамызда олар сыйға тартқан және игі істерді еске алатын кітаптар қалады.