1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысы — бұл тарихта болған ең сұмдық оқиға. Бірақ, сол сұрапыл жылдар артта қалғанмен, уақыт зымырап бара жатқанмен, біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері өте қасиетті және ұрпақтан ұрпаққа тапсырылу керек.

Ұлы Отан соғысы бүгінгі ұрпақ үшін өтіп кеткен бір елес болып қалды. Сол сұрапыл жылдарының оқиғалары туралы жастар кітап, фильмдер, соғысқа қатысушылар мен тарих және әдебиет пәндерінде мұғалімдердің айтуынан біледі. Жастарға патриоттық тәрбие берудің кітапхана қызметінде маңызы өте зор.

1941-1945 ж.ж. болған Ұлы Отан соғысында Жеңістің 70-жылдығының қарсаңында «Железин ОКЖ» ММ «Жеңіс кітаптары» атты аудандық кітапханалық фестивалін өткізеді.

I. Жалпы ережелер

1. «Жеңіс кітаптары» аудандық кітапханалық фестивалі «Железин ОКЖ» ММ бастамасымен өткізіледі

2. Аудандық кітапханалық фестивальді өткізу соғыс тақырыпты көркем әдебиетті әйгілеу бойынша «Железин ОКЖ» ММ кітапханаларының жұмысына қосымша шара болып отыр.

3. Бұл ереже «Жеңіс кітабы» аудандық кітапханалық фестивальді өткізу тәртібін регламенттейді.

II. Фестивальдің мақсаты мен міндеттері

Басты мақсат — соғыс тақырыпты әдебиетті әйгілеу, жастардың рухани-өнегелі құндылықтарын тәрбиелеу, оларды халық тарихын танытып үйрету;

· кітапханалық шараларды өткізуде компьютерлік технологияларды қолдану, жастарға патриоттық тәрбие беру бойынша кітапханалық жұмыстың формалары мен әдістерін жетілдіру;

· творчестволық жастар мен қоғам өкілдерін кітапханалық шараларға қатысуға тарту.

III. Фестивальді ұйымдастыру және өткізу талаптары

1. «Жеңіс кітаптары» аудандық кітапханалық фестивальға «Железин ОКЖ» ММ ауылдық кітапханалары, басқа да мүдделі тұлғалар қатыса алады. Ауылдық жерлерде фестивальді ауылдық кітапханалар ұйымдастырады.

2. ОАК-да «Железин ОКЖ» ММ директорының бұйрығымен «Жеңіс кітаптары» аудандық кітапханалық фестивальдің барысын бақылайтын топ құрылады.

3. «Жеңіс кітаптары» аудандық фестивалінің қатысушылары:

· 1941-1945 ж.ж. Ұлы отан соғысы туралы көркем шығарманы ұсынады;

· Таңдалған көркем шығарманы әйгілеуде міндетті түрде заманауи ақпараттық технологияларды , таеатрландыру, сахналау элементтерін қолданылады.

· Электронды материалдар компьютерлік Microsoft PowerPoint презентация түрде ұсынылады.

4. ОАК әдістемелік бөлімі ауылдық кітапхана-филиалдарға шара өткізуде әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

5. «Жеңіс кітаптары» аудандық кітапханалық фестивалін өткізу бойынша жұмыс тобы фестиваль барысында өткізілетін шараларға қатысу туралы үйлесімді жұмыс жүргізеді.

6. АОК әдістемелік бөлімі кітапханалық фестивальдің аяқталуымен шара барысы туралы жинақ материалды өңдеп, ақпараттық бейнефильм шығарады.

IV.Өткізу мерзімі

1.Аудандық кітапханалық фестиваль екі кезеңмен өтеді:

— бірінші кезең — ауылдық кітапхана филиалдарында ағым жылдың 15 наурыздан 20 сәуірге дейін;

— екінші кезең — Железинка ауылында қорытынды шара — 2015 ж. 28 сәуірде.

2. Ауылдық кітапханалардың фестивальдің қорытынды шарасына қатысуларын 7 адамнан тұратын қазылар алқасы бағалайды.

3. Ауылдық кітапхана-филиалдар ОАК әдістемелік бөлімін өткізілген шара туралы хабарландырып, 2015 ж. 31 наурызына дейін «Железин ОКЖ» ММ-не фестиваль аясында өткізілген шара сценарийін, қорытынды шарада өздерінің блогын өткізудің бағдарламасын ұсынады. (еркін түрде).

4. Қорытынды шара бағдарламасына фестиваль қатысушылары — ауылдық кітапханалардың буктрейлерлері және басқа да электронды материалдары еңгізіледі.

V. Фестиваль қорытындылары

1. Аудандық кітапханалық фестиваль қорытындылары қорытынды шараның өткен күні шығарылады.

2. «Жеңіс кітаптары» аудандық кітапханалық фестивалінің барлық қатысушыларына грамоталар беріледі. Бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болған, жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік сыйлармен және дипломдармен марапатталады.

Анықтама телефондарк:  2-13-43, аудандық орталық кітапхана, әдістеме бөлімі