Халық өміріндегі болған маңызы зор оқиғаларға қайта-қайта оралу жад ерекшелігі. Ұлы Отан соғысында үлкен ерліктен маңызды не болушы еді.

Біз — жеңімпаз-халықпыз. Бұл үлкен мәртебе мен жауапкершілік. Соғыс мезгілі туралы үнемі айтса да, барлығын айту мүмкін емес. Бұл тақырып мәңгілік тақырып, бұны болашақ ұрпақ ұмытпай керек.

Соғыс туралы кітаптар — біздің естелік. Олар кімге бағытталған? Бізге. Барлығымызға, және әр қайсысымызға жеке. Бұндай шығармалардың мәтіні бірегей.

Майданда кітап әндей болды — әнді соғыста тастап кету керек деп кім айтқан? Кітап жеңісті жақындату үшін тылда да, майданда да, басып алынған жерде де жұмыс жасады. Ол дем берді, жауынгерді қорғаушы болатын.

Кітапханашылар, тарихи естелікті жинақтаушы сияқты, ұрпақтар арасында ақпараттық жолбасшы ретінде шығады, патриоттық дәстүрлердің сақтаушылары болып қала береді.

Ұлы Отан соғысыныда 1941-1945 ж.ж. Жеңістің 70-жылдығының қарсаңында «Железин ОКЖ» ММ «Жеңіс кітаптары» атты аудандық кітапханалық фестивалін өткізеді. Кітапханалық фестивальдің басты мақсаты — әскери тақырыпты әдебиетті әйгілеу, жастардың рухани-өнегелі құндылықтарын тәрбиелеу, өз халқының тарихын білуге баулу. Шығармашылық жастарды және қоғамдық өкілдерін кітапханалық шараларға қатысуға шақыру.

Фестивальға он бес ауылдық кітапхана, № 1,2,3 ЖОББМ, № 20 агротехникалық колледжінің студенттері, «Айбат» жастар бастамасының Орталығы қатысады. Аудандық «Жеңіс кітаптары» фестивалінің қатысушылары өз таңдаулары бойынша, кітапты ашуда заманауи ақпараттық технологияларды, сахналау элементтерін пайдаланып, Ұлы Отан соғысы туралы шығарманы ұсынады.

Фестиваль барысында он жеті кітап ұсынылады. Фестиваль 2 айналымда өтеді, бірінші кезең 15 наурыздан 20 сәуірге дейін ауылдық кітапхана-филиалдарда өтеді. Іріктеу кезеңінің жүлдегерлері 28 сәуірде АМҮ-де өтетін, аудандық қорытынды шараға қатысады.

Біз үшін ең бастысы, әр кітап өзінің оқырманын тапса, ол оны оқып, түсініп, өзі үшін жаңалық ашса дейміз.

Біздің адамгершілік және азаматтық міндетіміз — сол сұрапыл кезді әр бір адамның жадынан шығармау.

Апаева М., «Железин ОКЖ» ММ әдіскері.