«Знание языка и культуры другого народа делает человека равноправным с этим народом, он чувствует себя вольно…»

 Абай
 

Тіл – халықтың тірі жаны, оның қуанышы, қайғысы, естелігі, асыл қазынасы. Әр тіл – бұл әлем. Құрметке лайық болмаған тіл жоқ.

Тілдердің, мәдениеттердің бірлігі – бұл тәуелсіз мемлекеттің күші, болашақты құратын монолит.

Қазақстан Республикасы Президентінің дара саясатының арқасында, елімізде тұрып жатқан бүткіл ұлттарға, туған тілді, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қатынас тілін меңгеру мүмкіндігі берілді.

Тәуелсіздік алғады, күнтізбеде атаулы күн табылды – Қазақстан Республикасы халқының тілдер Күні.
 

"Тіл – ұлттың тағдыры, халықтың үні "- Қазақстан халқының тілдер Күніне арналған, ақпарат күні.

Ауылдық мәдениет үйінде апта қорытындысы шығарылды. Апта бағдарламасына, ұлы тілдерге тарту үшін түрлі сайыстар, викториналар, басқа формалар енді. Тіл сайыстарының қорытындысы бойынша, ағылшын, қазақ, орыс тілдерінің білгіштері анықталды. Қатысушылар мен жеңімпаздар естелік сыйлармен марапатталды. 
Мәдениет Үйінің фойесінде, кітапхана қызметкерлерімен «Тіл – тұғыры – ұлт ғұмыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрме үлкен қызығушылық туғызды. Көрмеде 3D кітаптар ұсынылды. Кітап көрмесінің басты мақсаты – оқушылардың тіл туралы білімдерін арттыру, қхалық достығына деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Оқу залының аға кітапханашысы С. Тлегенова.