Заманның өз уақыты, естелігі, тарихы бар. Қазыргі заман өз оқиғасымен өтіп жатыр. Сол заман ішіндегі тарихта қалған сұрапыл соғыс беті. Біз сіздермен бейбітшілік ашық аспан астында өмір сүріп жатырмыз, соғыс өртін ешуақытта көрген емеспіз, және ешқашан болмасын деп тілейміз. Сол қайғылы соғыс замандағы оқиғаларды тек теледидардағы деректі фильмдерден көріп не әдеби кітаптардан оқимыз.

Қымбатты балалар, аудандық мектеп оқушыларына!

Железин орталық балалар кітапханасы ҰОС-ның Жеңісіне арналған «ЖЕҢІС БУКЕТІ» кітапхана акциясына қатысуға шақырады.

Біздің акцияның себебі — сол соғыс туралы кітаптардағы оқиғалармен танысу, әдебиеттерді Отан туралы әңгімелерді оқуға, мейірімділік пен зұлымдықты, және сенімділік пен абыройлықты танып білуге шақырады. Бұл кітаптар «мәңгі естелік болып жүрегімізде қала бермек...».

Акцияны ұйымдастырушылар ММ «Железин ОКЖ» қолдауымен және Железин ауданының білім беру бөлімі көмегімен Железин орталық балалар кітапханасы.

Ақпараттық қолдауы — «Туған өлке» және «Родные просторы» газеттері.

Акция 2015 жылдың 10 — шы ақпаннан 20 сәуірге дейін 70 күн аралығында өтеді.

Акцияның шартты міндеттері:

— Ауданның үш мектептерінен 5-9 сынып оқушыларын қатысуға шақырамыз

— Әр- бір оқыған кітаптары үшін қатысушы бонус алады. — гвоздика макетінің сыртқы жағына оқырман өзінің аты -жөнің, яғни фамилиясын, есімін, қай мектепте, қандай сыныпта оқитынын және әдеби кітап авторын, кітаптың қалай аталатынын белгілеп жазады.

— Акция қорытындысында осы рәміздік букет кітапханада жиналып — «ЖЕҢІС БУКЕТІ», Жеңіс Күніне арналған мерейтойға жалпы сыйлық ретінде табыс етілетін болады.

— Оқуға арналатын кітаптар балалар кітапханасының қызмет көрсету бөлімінде «Балаларға — соғыс туралы 70 кітап» атты тақырыптық кітап көрмесі безендіріліп таратылады.

— Қатысушы қалауынша күнделік дәптерін жүргізуге болады.

Акцияға белсенді қатысқандар 30 шы сәуір 2015 жылы болатын «Ең жақсы оқырман бенефисі» шарасында марапатталады.