Жазғы демалыстың бітуіне де аз ақ уақыт қалды. Бүгінгі таңда біздің балалар кітапхана сөресінен, балалар өздеріне ұнаған кітаптарын таңдап алып оқи алады. Дәстүр бойынша жылдан-жылға біздің қорымыз аздап болса да, жаңа кітаптар мен толықтырылуда. Соңғы кезде түскен кітаптар: ертегілер, көркем шығарма әдеби оқулықтар т.б. Атап айтсам: «Әйбәт ертегілер» топтамасынан, Алматы: Аруна баспасынан басылып шыққан қызықты суретті «Үйшік», «Ақшақар», «Қызыл телпек» орыс халық ертегісінен қазақ тіліне аударылып шыққан жаңа кітаптарды жас бүлдіршіндерге ұсынамыз.

«Ертегілер елінде» топтамасынан шыққан Ағайынды Гриммдер ертегілерінен қазақ тілінде «Бремен музыканттары, «Бұрқасын ханшайым», «Бақа ханзада», «Балықшы мен оның әйелі»т.б.- Алматы: Аруна ЖШС баспасынан жарық көрген кітапшаларды алып оқысаңыздар, бүл кітаптар дың ертегіден басқа қызықтыратын жаңа таным рубрикаларын кездестіре аласыздар. Мысалы «Ойлан тап», «Жасырын сөз», «Сөз жұмбақ», «Айырмашылыған тап» бос уақыттарынды осы таным сабағымен өткізе аласыздар. Бұл кітаптар сіздерді көп жаңашаларымен қызықтыра алады. Ұсынып отырған кітаптар кіші және орта буын оқырмандарға арналған.

 

«Алматыкітап» топтамасынан шетел жазушыларының Г.Х.Андерсеннің «Түймеқыз», Ағайынды Гриммдердің «Қаршақыз бен жеті құртақан», Р.Киплингтің «Рики-тикки-тави» т.б қазақ тіліне аударылған кікентай кітапшалар түсті. Бұл кітаптар өздерінің безендірілген суреттерімен, қызықты мазмұндылығымен әр бір кішкентай оқырманды қызықтыра тартады.

 

«Менің алғашқы кітапшам» топтамасынан ең кішкентайларға арналған орыс және қазақ тілдерінде басылып шыққан ертегілер «Жақсылық ұмытылмайды», «Добро не забывается», «Қожанасырдың олжасы», «Находка қожанасыра» бұл әдеби –көркемдік шығармаларды мектеп жасына дейінгі даярлық топ оқырмандардың сүйікті кітаптарын алып оқыңыздар демекпіз. Алматы: Атамұра корпорациясында басылып шықты.

«Бұл менікі емес...» атты тақырыпта «Ферма», «Көлік» деп аталатын жапсырма – кітапша. – Алматы – кітап баспасынан шыққан. Суретші Рэйчел Уэлстің, суреттерін ағылшын тілінен аударған Асанова Мадинаның жұмыстарын әр бала қызықталады. Мысалы: «Көлік» кітабындағы әр түрлі көліктерге қарап балалар түрлі түсті қарындашпен бояу жұмысымен бос уақытын өткізіп ондағы жапсырмаларды алып, қағазға жапсыру еңбек жұмысымен айналысып, танымын арттырады.

 

Балалар жазушысы Тұрдақын Жексенбайдың кіші топ оқырмандарға арналған «Балбұлақ» атты кітабын алатын болсаңыздар ондағы табиғат туралы жазылған қызықты әңгімелер мен шығармалар балаға дүние тануда, білім және тәрбие беруді көздейді, ата-ана тіліне, туған жерге табиғатына неше түрлі қызыққа батырады. Бұл кітапта қысқаша ертегілер топтастырылған. Әр - түрлі суреттермен безендірілген кітап баланы дұрыс оқуға үйретеді, ой – қиялы мен тілін дамытады. Кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады. - Алматы: «Атамұра» 2009-2010 жылдары басылып шыққан.

 

Қазақстан Республикасының Ғылым және білім Министірлігінің ұсынысы бойынша «Әлем ертегілері» топтамасынан шыққан орыс тілінде «Сказки Андерсена» кітабы. – Алматы: Аруна баспасынан шықты. Бұндағы кітап кейіпкерлері «Русалочка», «Дюймовочка» т.б. өз оқырманын асыға күтуде.

Бұл жаңа кітаптар арасында орта және ересек жеткіншектерде өзіне тән қызықты кітаптарды алып оқи алады. Мысалы: Орыс тілінде ересектерге арналған әдеби-көркем шығарма ертегі «Сказки Кота - Баюна».- Москва.:Эксмо: Наталис, 2011 жылы шықты. Бұл топтамада орыс ертегілері жинақталған «Волк и семеро козлят» , «Волшебная дудочка», «Царевна - несмеяна», «Гуси-лебеди» т.б. және сол сияқты қыздарға арналған роман, приключения кітаптарын қызықтайсыздар.

Атамұра кітапхана топтамасынан қайталанып басылып шыққан қазақ тіліндегі көркем шығармалар М. Иманжановтың «Алғашқы айла», «Қ. Қайсеновтың» «Жау тылындағы бала», О.Бөкейдің «Кербұғы» атты шығармалын алып қызықтаңыздар.

Бұл әңгімелерде мектеп өмірі, жастардың тыныс тіршілігі, жасампаз еңбегі, адамгершілік ізгі қасиеттері суреттеледі. Және Ұлы Отан соғысындағы жау тылындағы партизандардың басқыншыларға қарсы зор ерліктері суреттелген. О. Бөкейдің өшпес рухани дүниелері жас оқырманға үлкен әсерлікпен суреттеп жазған шығармалары әр оқырманның көңілінен шыққан. Осы жоғарыдағы аталып кеткен жаңа кітаптар бізге жаңа оқырман әкеледі деген сенімдеміз. Келіңіздер, оқыңыздар демекпіз.

Құрастырушы Железинка ОБК кітапханашы: Ашкенова Ғ.А