«Баланың тұңғиық жүрегі»

әңгіме талқы

    Железин Орталық балалар кітапханасы Железин жалпы білім беру №3 мектебінің 7-8 сынып оқушыларымен «Бұлақ» клубы төңірегінде Ұлы жазушы, ғалым М.Әуезовтың 120 жылдығына арналған «Баланың тұңғиық жүрегі» тақырыпта әңгіме талқы өтті. Балаларға жеңіл және  құлықтылық тәрбиелік мәні бар шығарма, кітапхана рухани қазынасынан таңдап алынған автордың «Жетім» атты әңгімесі.

Әңгіме талқы жазушының өмірбаян тарихымен ашылды. Автордың өміржол деректерімен және оның шығаршылық жолдары туралы түсінік.

Негізгі бөлім: «Жетім» атты әңгімесі оқылып талқыланды. Балалармен диалог пайда болды. 

Әңгіме сұрақтары:

- Қасым және оның отбасындағы жағдай.              

- Қасым кімдерден қорлық көрді?

- Қасым ауылдан неліктен кетті.?

- Әңгіме неліктен жетім деп аталған?

 Белсенді қатысқандар: «Бұлақ» тобынан: Мұхаметқали А; Балғабаева Д., Есеналиева А, және т.б. 

Әңгіме тақырыптары:

- «Қасым баланың тағдыры»;

- «Жол үстіндегі жаяу бала»

- «Қасымның әжесі» т.с. бөлімдер талқыланды.

«Жетім» тақырыбы бойынша сөз жұмбақ ойын кросворд сұрақтары:

- М.Әуезовтың драмалық шығармасы қалай аталады?

- Қазақтың аса дарынды жазушыларының бірі кім?

- М.Әуезовтың балаларға арналған әңгімесін ата? т.б

 Қорытынды: Балалар отбасы және отбасы жоқ адам баласының тағдырын айқын суреттеді. Жазушының әңгімедегі Қасым атты баланың қызықсыз қатал өмірі айқын бейнелегенін айтып түсіндірді. Мейірімді қарапайым отбасында тәрбиеленген Қасым өз ата-анасынан және жақсы көретін әжесінен айырылады. Иса көршісінде тәрбиеленген Қасымның өмірі ақыры қатыгездікке ұшырады. Әңгіме соңында баланың көрген қорлығы оны трагедиялық жағдайға соқтырып ол дүние салады. Бұл сол замандағы қоғамның трагедиясы. Автор оны халықтың трагедиясы екендігін айтпақ болды. Сол замандағы жалғыз басты бала қоғамдағы ешбір жаннан мейірім мен түсіністік күтпеген оның  өмірде әлсін-әлсін ғайып болып ақыры қайғы қасіретке ұшырады. Кітапханашы балаларға бір- бірін және отбасындағы туыстарын құрмет тұтуға, өз отанының патриоты болуға, бір-біріне деген қайырымдылық көзқарастарға шақырды. Шара соңында кітапханашы балаларға «Мұхтар Әуезов -балаларға» атты кітап көрмесінен әдеби шолу жүргізді. Шара соңында балалар топпен суретке түсті. Қатысқандар саны – 20

Кітап беру –8

ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.

ФОТО