«Бірлік болмай - тірлік болмас»
Оқып талқылау 

 «Мейірімділік әдеби сабақтар» жобасы  төңірегінде және Б.Соқпақбаевтың 95 жылдығына орай Железин орталық балалар кітапханасы «Бірлік болмай тірлік болмас» атты тақырыпта автордың «Жексен» атты әңгіме кітабы бойынша оқып талқылау өткізді. Шараның негізгі мақсаты: Балаларды бір-біріне деген сүйіспеншілік көзқарасқа, бірлікке, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, тәрбиелеу және кітапқа деген қызығушылық туғызу.
Оқып талқылау  бағдарламасында Қазақ балалар жазушысы Б.Соқпақбаевтың  өмірбаяны бойынша «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты электронды презентация және осы тақырыпта кітап көрмесі безендірілді. Кітап көрмесіне автордың «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» т.б. көркем шығамалы әңгіме кітаптар мен кітапшалар қойылды. Шараның негізгі бөлімінде балалар автордың әңгімесін талқылады.
Әңгіме сұрақтары:
- Әңгіменің басты кейіпкерін ата?
- Жексеннің балаларға істеген қылығы дұрыс па?
- «Жалғыз жүріп жол тапқанша көппен жүріп адас» деген мағынаны қалай түсінесін? т.б.
Балалар бұл сұрақтарға  барлығы белсенді қатысып жауап берді. Әңгіме- талқу соңында кітапханашы кітап көрмесінен, балаларға  автордың шығармалары мен әдебиет саласындағы көркем шығарма кітаптарымен таныстырды. Соңында балалар көрмедегі кітаптармен танысып, кітаптар алды.

Құрастырған: ОБК кітапханашысы Ашкенова Г.А.

FOTO