Мейірімге толы жүрек 

Үш жыл бойы кітапханамыз балаларды оқуға баулуға бағытталған, «Өнегелілік және мейірімділік сабақтары» циклын жүргізіп отыр.
Мейірімділік күнінің қарсаңында «Мейірімге толы жүрек» атты кезекті сабақ өтті.
Балалар қазақ жазушысы Б.Соқпақбаевтің «Дедішка и мальчик» әңгімесін қызыға тыңдады. Әңгіме оқылғаннан кейін, балалар оны талқылауға кірісті, әрбір бала шығарманың басты кейіпкері Мәуленге деген көзқарастарын білдіруге тырысты.
Бұл әңгіме балаларды адамгершілік қасиеттерді сақтауға үйретті.
Сабаққа, әңгімені түсінуге көмектескен, «Адами құндылықтар» атты презентация дайындалды.
Осылайша, ең үздік әңгімелермен таныса отырып, балалар өнегелілік, мейірімділік және адалдық қасиеттерін ұғына бастайды. 

Ашкенова Г., балалар кітапханасының кітапханашысы

FOTO