Ұлттық ойындар сағаты 

Мерекелік күндердің бірінде, балаларымыз кітапханаға Наурыз мерекесіне арналған, ойын бағдарламасына қатысу үшін келіп кетті.
Балақайларымыз ойынды қатты ұнататыннан, біз оларды қазақ ұлттық ойындар мен сайыстарға қатысуға шақырдық. Осы ойындардың барлығы «Ұлыс күннің шапағаты» көрмесінде орналасқан кітаптардан алынғанын да ескерттік.
Кітапхананың ойын алаңында балақайлар қазықшаға ілінген тымақты ұрып сайысты. Ойын «Тымақ ұру» деп аталады.
«Асықты құрсауға кіргіз» ойынында қатысушылар өздерінің дәлділіктерін тексеріп көрді.
Арқан тартысуға ұқсайтын, «Тартысу» ойыны балалардың көңілдерінен шықты, бұл жерде арқанның орнына оқтау тартылды.
«Бәйге» және «Итеріспек» ойындарысыз бір шара өтпейді, бірақ оларды аздап өзгерттік.
Балалар тоқтамай ойнағылары келді, себебі барлығы қызықты өтті.
Дегенмен, әр бір мереке аяқталады, біздің де кездесуіміз өз мәресіне жетті.
Алғыс ретінде және мерекеге орай кітапханамыз барлық қатысушыларға тәттілер таратты.
Осылайша, ойын арқылы балалар қазақ халқының ең үздік дәстүрлерімен, ойындарымен танысады. 

Н.Чехова, Железин ОБК аға кітапханашысы

FOTO