Мейірімді ертегі оқимыз.      

  Біздің балалар кітапханасында алғаш рет, биыл кіші топтарға арналған «Әдепті болып өсеміз» бағдарламасы төңірегінде құлықтылық әдеби сабақтар орыс және қазақ тілінде өтетін болады. Сабақтың бағдарламасы бойынша а

лғашқы әдеби сабағымыз Бүкіл әлемдік Мейірімділік және Ризашылдық алғыс Күніне арналды. Кітапхананың оқу залында «Мейірімді ертегі оқимыз» алғашқы әдеби құлықтылық сабақ өтті. Шараға «Мейірімді ертегіл

ер» атты кітап көрмесі безендірілді. Әдеби сабақттың өту барысында балалар кітапханашымен бірге «Шаттық шеңбері» ойынымен бастады. Әр бір бала ортаға шығып, қолдарындағы суреттерін өлең жолдармен айтып

шеңбер құрды. Жүргізушілер «Бұлақ» клубының мүшелері Балғабаева Диляра және Ұят Асель балалармен «Жүрек жылуы деген не?» ойынына қатысып белсенділік танытты. Негізгі бөлімде оқушылар Қазақ ертегілері топтамасынан «Бала мен қарлығаш» ертегісін дауыстап оқыды. Балалар берілген сұрақтарға дұрыс жауап беріп қорытынды жасады. Сабақтың сұрақтары:

- Бала қарлығашқа қандай көмек көрсетті?

- Қарлығаш балаға мейірімділігі үшін не әкеп берді?

- Ертегідегі баланың отбасы қандай өмір сүрді? т.с.с.

 Шара өту барысында балалар Ұлы Абайдың, қазақтың би шешендерінің, қазақ балалар жазушыларының нақыл сөздерімен танысты. Балалар мерекелік күнге  өздері жаттаған өлең шумақтарын сыйға тартты. Оның ішінде белсенділік танытып көзге түскендерді атап айтсақ: 2 а сынып оқушылары арасында  Гладких Артем, Баймұрат Мақсат, Ұят Іңкар, Жүсіпбек Жансая т.б. Ал 2 б сынып оқушыларының күшімен «Нағыз байлық» атты тақырыпта, кіші-гірім сахналық көрініске қатысып,  рөлдерде ойнап қуанышқа бөленді. Қорытынды бөлімде «Мейірімділік» тақырыбына арналып сергіту ойыны жүргізілді. Барлық бала диалог ойынына белсенді қатысты. Балалар – Адамның ең маңызды құндылығы Адамгершілік, Сүйіспеншілік, Махаббат не екенін түсініп бір-біріне деген ықыластары артты және жүрек жылуы мен мейірімділік сезімдері пайда болып қуанышқа бөленді. Кітапханашы әлі де талай тәрбиелік мәні бар кездесулер болатынын айтып, балаларға «Әдепті болып өсемін» атты бағдарлама төңірегінде  өтетін құлықтылық әдеби оқу сабақтар кестесімен таныстырды. Сөз соңында  «Мейірімділік ертегілер» кітап көрмесінен әдеби шолу өткізіп балаларды мейірімділік тақырыбына байланысты, кітапханадағы қазақ балалар жазушыларының көптеген ертегі, әңгіме кітаптарымен таныстырды. Шарадан соң балалар кітапханаға жазылып көптеген қазақ ертегілері кітаптарын алды.

ОБК қызметкері: Ашкенова Г.А.

Все фото