17 сәуір күні Железин № 2 ЖББО мектебінде Тамара Крюкованың «Ведьма» повесі бойынша «А жаль, что подлость безнаказанна…» оқырман конференциясы өтті. Бұл кітап, жасөспірімдерге жазатын, заманауи авторлардың шығармалары арасында жоғары сұраныспен пайдаланады.
Шығарма жасөспірімдер арасында зұлымдық, қатыгездік, немқұрайлық мәселелері жайлы.
Конференцияны «Железин ауданының ОКЖ» КММ директоры Марғуаш Нұрқайдарқызы Адамова бастады.
Конференцияның жүргізушісі Железин балалар кітапханасының кітапханашысы Зданович О.А. өткізіліп отырған шараның маңыздылығын атап өтті, себебі бүгінгі жасөспірімдердің неліктен қатыгез болатынын түсінуіміз керек.
Шара барысында конференция қатысушыларының назарларына буктрлейлер ұсынылды, содан кейін № 2 ЖББОМ кітапханашысы Дегтярева Т.С. шығарманың авторы жайлы және шығарма туралы толығырақ баяндады.
Талқылау қатысушылар арасында ашық диалог түрінде өтті, балалар повестің проблемаларын талқылап, сюжетін талдады. Конференцияның ең балғын қатысушылары оқылған кітап жайлы өздерінің пікірлерімен бөлісті. Ең белсенді қатысқан балалар  Купеева Айман, Солтанова Дана, Мищенко Валерия, Умарова Карина, Аллаярова Рузалия.
Олар пікірлерін өте ашық, әсерлі түрде білдіргеннен, көптеген тыңдарман кітаппен танысуға асықты.  

Железин балалар кітапханасының

Аға кітапханашысы Н.Чехова

FOTO