Тұңғыш Президент Күнінің қарсаңында бізге қонаққа Береговой ЖББОМ оқушылары келіп кетті. Кездесу барысында балалар кітаби экспозициялармен танысты, ел және Президент өмірінен кітаптар мен фотоқұжаттарды көріп шықты.
Содан соң «Менің елім – Менің Қазақстаным» интеллектуалды ойынға қатысты. Балалар өз араларында жарысты, ойын төрт айналымнан тұрды. Сайыста жеңіп шығу үшін, балалар баллдар (фишкалар) жинауға тырысты. Сайыс нәтижесінде Береговой ЖББОМ  6 «а» сынып оқушысы Шаймарденова Меруерт жеңімпаз атанды. Ол Жеңімпаз дипломымен марапатталды.
Кездесу соңында балалар кітапхана бойынша саяхатқа аттанды, кітапханашыларды қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарын қойды.
Балғын оқырмандар үшін, бұл саяхат көптеген жаңа білім мен жақсы көңіл күй сыйлады. Балалар кітапханада жай кітаптардан басқа, «сөйлейтін» кітаптар, 3D көзілдірігі бар кітаптар, сонымен қатар дамытатын кітаптар, пазлылар барын білмеген.
Кетіп бара жатып, балалар кітапханаға қайта келуге тілектерін білдірді.

Чехова Н., Железин балалар
кітапханасының кітапханашысы

FOTO