Ойна, шерте бер, менің домбырам! 

2019-жылдың 5 шілде күні Железин №2 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары үшін «Ойна, шерте бер, менің домбырам» атты әдеби-музыкалық қонақ күту шарасы балалар кітапханасының қызметкерлерінің күшімен өткізілді.
Бұл шара Ұлттық «Домбыра күні» қарсаңында өтті.
Балалар бұл шарада домбыра туралы аңызды оқып, өлеңдер тыңдап, қай халықта домбыраға ұқсас аспап барын білді. Аңыздар мен өлеңдерді жанды домбыра үнімен бірге тыңдау керемет болды. Айтылып кеткен аңыздарды толық елестету мүмкіндігін берген, домбыра шертіп отырған Ниязов Мирас болды.
Кітаптар көрмесі арқылы балалар домбыра туралы қандай кітаптарды алып оқуға болатынын білді.
Шараға қатысқандар үшін бұл шара жаңа қызықты мәлімет ашты - домбыра  ертеден келе жатқан аспап болса да, әлі де жас аспап болып көрнеді.

FOTO