Біздің кітапханада қыс демалысы өте қызықты және көңілді өтті. Әрбір өткен шараның өзіндік ерекшелігі бар деп айтуға болады. Балаларды таңқалдырған ең қызықтысы - кітапхана оқу залында ұсынылған көрме инсталляция «Әженің сандығындағы ойыншықтар». Бұл тұсаукесер мектеп демалысының алғашқы күнінде өтті. Шараға кіші топ оқушылары қатысты. Балалар жаңа жыл ойыншықтарының қалай пайда болуы мен жаңа жыл мерекесінің тарихы туралы әңгіме тыңдады. Ата-әжелері мен ата-аналарының балалық шағында шыршаға тағылған 60-70 жылдардың ойыншықтарын қолмен ұстап, тамашалады.

FOTO