Татулық қаласы, арман қала» квест-ойыны

Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдер арасында квесттер әйгілі болып отыр. Бұндай ойын кітапханамызда астана күнінің қарсаңыда өтті. Бұл күнге орай кітапхана «Туған күніңмен, Елорда!» ортақ атаумен шаралар циклын дайындады. Кітапхана алаңында өткен «Татулық қаласы, арман қала» квест-ойыны циклдың қорытынды шарасы болды.
Ойынға қатысушылардың міндеті – тосын сыйға дейін қиыншылықтары бар жолмен жету. Әр бір локацияда бірнеше тапсырмаларды орындау керек болатын.
Ойын барысында балалар сұрақтарға жауап берді, сонымен тарих және география пәндері бойынша, жас елордамыздың көрікті жерлері бойынша жақсы білімдерін көрсетті. Ойыншылар көбірек балл жинау үшін, барлық тапсырмаларды ерекше көңіл бөліп орындады. Балалар анаграммаларды шешті, қалың шөптің арасында жұмбақтары бар капсулаларды іздеді, сұрақтары бар шарлар жолынан өтті, «Сиқырлы ағаш» басынан көмек іздеді. 
Дегенмен, ең қиыны, «Музыкалық локация» болып шықты. Балалар жол жүріп бара жатып, С.Мусалимовтың «Здравствуй, столица!» әнінде қала атаулары қанша рет аталатынын санау керек болатын.
Балалар барлық қиыншылықтардан табыспен өтті. Жеңімпаз топ дипломға ие болып, аспанға мерейлі шарларды жіберді.
Сонымен қатар, балаларға тәтті тосын сый таратылды.
Шара «Жұлдызды Астана» кітап көрмесін шолумен аяқталды.

Н.Чехова, Железин ОКЖ аға кітапханашысы.

FOTO