«Кішкентай достарға»
Әдеби КВН- ойын.

Оспанхан Әубәкіров (4 мамыр 1934, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылы-1986, Алматы) - сықақшы. Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композитор-лардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Распенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған. Биыл қазақ балалар жазушысы, сықақшы ағамызға 85 жыл толып отыр.
Балалар кітапханасы балаларды аталған биік тұлғамен, қызықты әңгімелерімен таныстыру мақсатында әдеби КВН ойынын өткізді. Бұл ойында ЖББМ-нің № 3 мектебінің 2-3 сынып оқушыларынан тұратын «Қағаз қалпақ» және «Қағаз қайық» атты екі топ жарысты.
1-ші кезеңде балалар құпия карта белгілері бойынша О.Әубәкіровтың «Қағаз қалпақ» кітабын қалай жасырылғанын табу үшін, қағаз қалпақтардағы тапсырмаларды өз тобымен бірге орындады. «Әдеби-айтыс» сайысында автордың өлеңдерін, мысалдарын, жаңылтпаштарын орындап, жұмбақтарын шешті және естерінде қалған сүйікті шығармаларын оқып өтті. Ойынның ең қиыны - қалпақтың астында жасырынған сөзді іздеп табу болды. Екі топ та белсенділік танытып, берілген тапсырманы орындап берді.
Ойынды қорытындылай келе, ұпай саны бойынша алда болған «Қағаз қалпақ» тобы алға шықты. Жеңімпаз атанған топ «О.Әубәкіровтың шығармашылығына КВН көшбасшылары» атты дипломмен марапатталды. Ал «Қағаз қалпақ» тобына ойынға белсенді қатысқаны үшін алғыс хат берілді.
Баланың ішкі дүниесі өте нәзік болып келеді, бала кезде оқылған жақсы кітап өмір бойы есте болады, санада қалады, баланың адамгершілігі қалыптасады. Балалар туралы әңгімелерде, сықақтарда бала өзін көре алады, көптеген жағдайда өзін-өзі қалай ұстау керек екенін түсінеді. Әр оқылған шығарманы талқылай отырып, балалар берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді, бұл - кітап маңызын қалайтын жұмысымның негізі деп түсінемін.

ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.

FOTO