Жазғы демалысты кітапханамен бірге өткізейік

Жазғы демалыс –  керемет мезгіл.  Балалар қызықты шараларға тамаша көңіл-күймен қатысады. Бұл шараларда  көңіл көтергеннен басқа, көптеген жаңа ашулармен танысуға болады.
Жаздың алғашқы күндері Железин балалар кітапханасына Башмашын, Кузьмино, Аққайың, Железинка ауылдарының мектеп лагерлерінен тәрбиеленушілер келіп кетті. Кітапхана бойынша саяхатқа 70 адамнан аса қатысты.
«Цветик-семицветик» атты мектеп лагерінің (№1 ЖББОМ) тәрбиеленушілері үшін «Сүйікті ертегілер беттерімен» саяхаты дайындалды. Бұл саяхатқа кітапханашылар да қатысты. Бірақ, ертегімен кездесер алдында, қатысушылар (екі топ) құпия жолмен жүріп, тапсырмаларды орындау керек болатын. Балақайлар «Орман басына», «Табыстар бөлмесіне», «Ойлап, тап» бекетіне барып шықты. Екі топ та тапсырмаларын жақсы орындады. Көп күткен ертегімен кездесу кітапхананың оқу залында өтті.
Шара кітапхананың 65-жылдығы аясында өткізілді. Балалар қағаздан қиылған алақандарға кітапханаға деген өз тілектерін жазды.

Н.Чехова, ОБК аға кітапханашысы.

FOTO