Жаз кітапханамен бірге 

Жаздың бірінші күндерінен бастап біздің кітапханада қонақта мектепішілік денсаулық лагердің оқушылары болды.
«Нұрлы жаз» атты жазғы лагердің оқушылары (ЖОББ №3) үшін «Ғажайып ертегілер елі» әдеби-ойын өткізілді.
«Күн шуақ» (ЖОББ №1), «Космос» (ЖОББ №2), «Радуга» (Захаровка негізгі орта мектебі), «Солнышко» (Моисеевка ОББ) мектепішілік денсаулық лагердің оқушылары кітапханашылармен бірге «кітапханалық дилижанспен» «Ертегілер жолымен» қуанышты саяхатқа шықты, оның мақсаты ертегілермен кездесу болды.
Ертегімен кездесу үшін екі команданың қатысушыларына кітапханадағы белгілі тапсырмалары бар жол маршрутын өтіп, тапсырмаларды орындау керек болды. Жалпы тапсырмалар саны - 7. Бірінші кезеңде балалар «Ертегілер қиындықтарын» шешті, одан кейін сөзжұмбақтардың жауабын ойлап тапты, әртүрлі ертегі кейпкерлерінің көлік құралын анықтады.
Көп күткен «Ертегімен кездесу» кітапхананың оқу залында өтті. «Цветик-семицветик» атты В.Катаевтың ертегісі балалардың назарына ұсынылды. Балалар оны қуана тыңдап алғаннан кейін, ертегі бойынша кітапханашы қойған сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараларға қосымша «Жазбен бірге оқиық!» атты шақыру-көрмесі қойылды.
Осылай, балалар ойнап жүріп, балаларға арналған әдебиеттермен танысып отырып, өздерінің бос уақыттарын қызықты, әрі пайдалы жаз өткізуде. 

Железин балалар кітапханасының кітапханашысы –Н.Чехова

FOTO