«Қаһарман әке бейнесі»

бір кітап әңгімесі

            9 мамыр Жеңіс күні төңірегінде орталық  балалар кітапханасы ЖББ мектебінің № 3  Президент залында 2-3  сынып оқушылар арасында «Әдепті болып өсеміз» атты бағдарлама бойынша өтетін бір кітап құлықтылық әңгімесі өтті. Әңгіме Шыңғыс Айтматовтың  «Атадан қалған тұяқ» атты кітабы бойынша «Қаһарман әке бейнесі»  атты тақырыпта өтті.

   Мақсаты:  Автордың  көркем шығармасы арқылы балаларды   адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелей отырып, әкеге деген құрметтін дамыту,  отанға деген патриоттық сезімін арттыру. Балалардың оқу дағдылын кеңейту.

  Мерекелік шара  Ұлы отан соғысы тарихымен ашылды. Жүргізуші балаларға  соғыстың алғашқы күндеріндегі оқиғадан бастап ондағы еліміздің қазақстан жауынгерлерінің майдаңға аттанып Отан үшін фашистерге қарсы күрескендері туралы түсінік берді. Ұлы Отан соғысы  Ұлы  Жеңіспен аяқталғаны туралы түсінік берді. Шараның негізгі бөлімінде Шыңғыс айматовтың « Атадан қалған тұяқ атты әңгімесі оқылып талқыланды.  Әңгіме соңында балалар берілген сұрақтарға белсенді жауап берді.

Әңгіме сұрақтары:

- Қашардағы ауылға  не келді?                

- Кино не туралы?

- «Атадан қалған тұяқ» жалпы қай кейіпкерге қатысты айтылған ?

- Әуелбектің шешесі Жиһангүл қайда, кім болып жұмыс жасайды?           

- Кино Әуелбекке қалай әсер етті?                  

- Киноны көрген Әуелбек не үшін қуанды? осындай  көптеген  сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытқандар: Ұят Іңкар, Баймұрат Мақсат, Амангелді алтынай, Шайкова Данеля т.б. оқушылар қатысты.

       Әңгімеден балалар жас баланың қаһарман әкесінің бейнесін жаңа көрген жүрегіне ұялай қалған бейнесін мәңгі естен шығармай және атадан қалған жалғыз тұяқ екеніне көзі жеткен бала сезімін автор өз шығармасында жақсы бейнелеген. Автор шығармасы оқушыларды әкені құрмет тұтуға, өз отанының патриоты болуға, бір-біріне деген қайырымдылық көзқарастарға тәрбиелейді. Шара соңында жүргізуші балаларға бақытты өмір сүріп жақсы оқып, елімізді ардақты абзал азаматтары болуын ең маңызды елімізді ешуақытта соғыс өрті болмай, тек елімізде тыныштық, бейбіт өмір, және  әр баланың тағдыры бақытты болуын тіледі. Соңында балалар «Біз соғыс туралы оқимыз» атты кітап көрмесінен кітаптар алды. Кітап көрмесінен   соғыс туралы кітаптар арқылы әдеби шолу жүргізілді.  

ОБК кітапханашысы : Ашкенова Г.А.

Фото