Кітапханада аналар күні.

8 наурыз – керемет көктем мерекесі, аналар мен әжелер мерекесі. Бұл күні сыйлықтар, гүлдер сыйға тартылады.

Біз, кітапханашылар, өз оқырмандарымыз бен олардың аналарына көңілді мереке сыйлауға бел будық.

Мереке қарсаңында кітапхананың оқу залында балалар жиналып, Өтебай Тұрманжановтың «Кенжегүл» атты әңгімесімен танысты. Бұл әңгімеде, Кенжегүл атты бір қыз 8 наурыз қарсаңында анасын қуантпақ болып, ерекше сый – өз қолымен өсірген гүл дайындаған болатын. Анасы үшін бұл ең қымбат сый болатын. Сол күннен бастап алқызылы гүлі үнемі терезеде тұратын. Оны мерекелік дастарқан үстіне де жайғастыратын.

Бір жағынан қарағанда, қулығы жоқ, қарапайым әңгіме еді, дегенмен балалар оны сүйсіне тыңдады. Шағын талқылаудан кейін, кітапханашы балаларға өз қолдарымен, оригами техникасы бойынша жасалған, қызғалдақтар сыйлауға шақырды.

Бұл шара «Өнегелілік және мейірімділік сабақтары» әдеби-шығармашылық тапсырмалар циклының аясында өткізілді.

ОБК аға кітапханашысы Н. Чехова

ФОТО