Уақыт өтіп барады, бірақ Ұлы Отан соғысы, бабаларымыздың ерлігі мен даңқы, ұлы Жеңіс біздің есімізде.

Соғыс туралы кітаптар. Олар сізді терең ойлануға мәжбүрлейді: соғыс кезіндегі құрдастарыңның, бүткіл елдің өмірі туралы, ерлік шайқас туралы, кеңес халқының батырлығы мен шыдамдылығы туралы, ар мен опасыздық арасында таңдау туралы, бір келісімге келу және барлық мәселелерді тату жолмен шешу туралы.

Балаларға арналған соғыс туралы кітаптарды міндетті түрде оқу керек, бұл кітаптар арқылы ата-әжелеріміз жасаған ерлік туралы естелік пен құрмет сезімдері тәрбиеленеді.

12 ден 15 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар!

Железин балалар кітапханасы сіздерді, Ұлы Отан соғысында ұлы Жеңістің 69-жылдығына арналған, «Мен бұл кітаппен толғанамын...» атты, оқылған кітап туралы ең үздік пікір сайысына қатысуға шақырады.

Сайыс ұйымдастырушылары — Железин балалар кітапханасы «Железин ОКЖ» ММ-нің қолдауымен.

Ақпараттық қолдау — «Родные просторы» және «Туған өлке» газеттері.

Сайыс талаптары.

— көбінесе ұнаған соғыс туралы бір немесе бірнеше кітап туралы әсеріңізбен бөлісіңіз;

— пікірді келесі түрде ұсынуға болады

әңгіме, эссе, шығарма, ойлар және т.б.

қазақ және орыс тілдерінде:

— 3 беттен аса емес мөлшерлі:

Жұмысты бағалауда

— ойланудың түпнұсқалығы мен дербестігі;

— таңдалған шығармаларға жеке қарым-қатынас;

— жұмыстың эстетикалық ресімделуі

есептеледі.

— сайыстық жұмысқа сіз туралы мәліметтер қосылу керек: тегіңіз, есіміңіз, жасыңыз, байланыс телефондар, сурет болған дұрыс болады;

— сайыстық жұмыстар қайтарылмайды, үздік жұмыстарды кітапхана сайтында және аудандық газет беттерінде жариялауға құқығымыз бар.

Сайыс 2014 жылдың 1 наурызынан 25 сәуірге дейін өтеді. Сайыс қорытындысы 2014 жылдың 5 мамыр күні шығарылады.

Жұмыстарыңызды, «Мен бұл кітаппен толғанамын...» сайысына" деген белгімен Железинка ауылы, Тәуелсіздік көш. 23 мекенжайына немесе priemnaja@cbs.zheezika.ru электронды пошта арқылы.